Стоматология мектебі 1 курсты қарсы алады!

Стоматология мектебі 1 курсты қарсы алады!

Стоматология мектебі 2024 жылдың 2-9 қыркүйегі аралығында бірінші курс оқушыларына бейімделу апталығын өткізді, оған студенттердің ата-аналары да қатысты.

Кездесулерде Академиялық саясатының, Харассменттен қорғау саясатының, Академиялық адалдық кодексінің, Этикалық кодекстің, оқу ақысын төлеудің жеңілдетілген жүйесінің негізгі ережелері түсіндірілді, спорт секциялары мен үйірмелер бойынша ақпарат, оқу әдебиеттерін беру кестесі ұсынылды.

Декан В.Р. Деточкина білім беру процесі мен тіс дәрігерінің дайындығы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Ортопедия және балалар стоматологиясы кафедрасының меңгерушісі А.И. Еслямгалиева өзінің құттықтау сөзінде оқуда сәттілік пен күш-жігер тіледі.

Академиялық қызметті жоспарлау және дамыту орталығының өкілімен бірлесіп оқу корпустарының оқу кестесі мен логистикасы бойынша экскурсия өткізілді.

Кездесулердің біріне жоғары курс студенттері шақырылып, олар студенттік қауымдастықтар, стартаптарды ұйымдастыру және енгізу туралы ақпаратпен бөлісті, студенттік өмірі туралы әңгімеледі.

Барлық кездесулер диалог форматында өтіп, қатысушылардың сұрақтарына толық жауаптар берілді.

2024 жылғы 10 қыркүйекте 1-курс студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерімен кездесті, онда оқу орындарында және одан тыс жерлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша маңызды мәселелер талқыланды.

2024 жылғы 13 қыркүйекте «AMANAT» партиясының Астана қалалық филиалы Халықтық штаб өкілдерімен бірлесіп, АЭС құрылысы бойынша Университеттің оқушылары мен ПОҚ үшін сұхбат өткізіп, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін АЭС-тің маңыздылығын атап өтті.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика