Университетіміздің үздік қызметкерлері мен білім алушыларын көтермелеу мақсатындағы «Университет үздігі» сыйлығын беру үшін конкурстың басталғаны туралы хабарлаймыз. Конкурс аясында келесі номинациялар қарастырылған:
«Үздік оқытушы»,
«Үздік зерттеуші»,
«Үздік жас зерттеуші»,
«Үздік клиникалық тәлімгер»,
«Үздік клиникалық база»,
«Университеттің үздік кураторы»,
«Үздік кафедра»,
«Жылдың үздік еріктісі»,
«Үздік студенттік ұйым»,
«Үздік мектеп».
Барлығыңызды қатысуға шақырамыз!
Құжаттар 2024 жылғы 26 қыркүйектен 7 қазанға дейін, сағат 10:00 дейін қабылданады, ал конкурстың қорытындысы 2024 жылғы 14 қазанда жарияланады.
Конкурсқа қатыса алатындар:
1) Университеттің штаттық қызметкерлері (кемінде 1,0 ставкадағы) – «Үздік оқытушы», «Үздік зерттеуші», «Үздік жас зерттеуші», «Үздік куратор» номинацияларында;
2) клиникалық тәлімгер ретінде білім беру қызметіне тартылған, Университеттің клиникалық базасы болып саналатын денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары – «Үздік клиникалық тәлімгер» номинациясында;
3) Университеттің клиникалық базасы болып саналатын денсаулық сақтау ұйымдары – «Медициналық ЖОО-ның үздік клиникалық базасы» номинациясында;
4) Университеттің кафедралары мен мектептері – «Үздік кафедра», «Үздік мектеп» номинацияларында;
5) Университеттің білім алушылары – «Жылдың үздік еріктісі», «Үздік студенттік ұйым» номинацияларында.
Конкурс туралы толық ақпарат – бағалау әдістемесінде.
Құжаттар мен өтінімдер kusselbayeva.a@amu.kz электрондық поштасына жіберіледі.