Радиобиология және радиациялық қорғау ҒЗИ Ұлттық оқу орталығында АЭХА аймақтық курсы

Радиобиология және радиациялық қорғау ҒЗИ Ұлттық оқу орталығында АЭХА аймақтық курсы

2024 жылғы 10 қазанда "Астана медицина университеті" КеАҚ Радиобиология және радиациялық қорғау ҒЗИ Медицинадағы радиациялық қауіпсіздік жөніндегі референс-зертханасы бар Ұлттық оқу орталығының базасында АЭХА-мен бірлесіп медициналық физиктер үшін диагностикалық радиологиядағы сапаны қамтамасыз ету бойынша Аймақтық оқу курсы өткізілді.

Курс бағдарламасына дәрістер де, мультиметрлер, фантомдар және оқу орталығының тест-объектілерін қолдану арқылы өткізілетін практикалық сабақтар да кірді. Дәрістерді АЭХА сарапшылары және Еуропаның жетекші медициналық физиктері жүргізді: Симона Аврамова-Чолакова, Лондондағы NHS Императорлық денсаулық колледжінің аға радиолог-физигі, Цюрих университетінің медициналық физигі Наталья Салтыбаева және Тарту университеті клиникасының медициналық физигі Дмитрий Шутов.

Сарапшылар курс қатысушыларына — ТМД, Литва, Латвия және Болгария елдерінің жетекші медициналық мекемелерінің медициналық физиктеріне — өз жұмысында практикалық қолдану үшін пайдалы ақпарат бере отырып, диагностикалық радиология саласындағы озық тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісті. Қатысушылар мен сарапшылар ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, оқу орталығының жұмысына қолдау білдіріп, алдағы уақытта табыс тіледі.

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика