1 курс білім алушыларына арналған "эмоциялар дөңгелегі" тақырыбындағы психологиялық тренинг

1 курс білім алушыларына арналған "эмоциялар дөңгелегі" тақырыбындағы психологиялық тренинг

1 курс білім алушыларына арналған "эмоциялар дөңгелегі" тақырыбындағы психологиялық тренинг

2024 жылғы 8 қазан күні сағат 20:00-де Жеңіс даңғылы 35 мекенжайы бойынша орналасқан жатақханада 1 курс студенттеріне арналған «Эмоциялар дөңгелегі» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Шамамен 35 қатысушы қатысты.

Тренингтің мақсаты: «Эмоциялар», «эмоция түрлері», «эмоционалды интеллект» сияқты негізгі ұғымдармен таныстыру, эмоциялық жағдайды басқару әдістерін меңгеру және эмоционалды интеллектті дамыту.

Міндеттері:

1.       Қатысушыларды «эмоциялар», «сезімдер», «эмоционалды интеллект», «эмоционалды жағдай» ұғымдарымен таныстыру.

2.       Қатысушыларға өз эмоцияларын анықтауды және олардың пайда болу себептерін түсінуді үйрету.

3.       Эмоцияларды басқару әдістерін тәжірибеде қолдану.

Сонымен қатар, Сарыарқа даңғылы 33 мекенжайы бойынша орналасқан НАО «Астана медициналық университетінде» 124-топ «Стоматология» мамандығының 1 курс студенттерімен кездесу өткізілді.

Кездесудің мақсаты: студенттерді психологиялық қызметпен таныстыру, топты біріктіруге бағытталған тренинг өткізу. Қатысушылар жаңа оқу жағдайына бейімделу мәселелерін және таңдаған мамандық бойынша оқуға деген көзқарастарын талқылады. Сондай-ақ, студенттерге жеке және кәсіби дамуына қолдау көрсетілді.

Тренингтер барысында студенттер өз тәжірибелерімен белсенді бөлісті. Олар топпен өзара әрекеттесуде және жаңа пәндерді меңгеруде кездесетін қиындықтар туралы айтты. Қатысушылар негативті эмоциялармен бетпе-бет келген жағдайларымен бөлісіп, оларды қалай еңсеретінін талқылады. Жеке тәжірибе алмасу сенімді атмосфераны қалыптастыруға ықпал етіп, эмоцияларды басқарудың маңыздылығын әрбір қатысушының санасына жеткізуге көмектесті.

 

Әлеуметтік және тәрбие жұмысы орталығының аға әдіскер – психологы Сарбасова К.Қ.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика