Эмоциялық тұрақтылықты дамыту және эмоцияларды басқаруды дамыту мақсатында жүргізілген психологиялық шаралар

Эмоциялық тұрақтылықты дамыту және эмоцияларды басқаруды дамыту мақсатында жүргізілген психологиялық шаралар

Эмоциялық тұрақтылықты дамыту және эмоцияларды басқаруды дамыту мақсатында жүргізілген психологиялық шаралар

2024 жылғы 18 қазанда, сағат 18:00-де Астана Медицина университетінің (№2 лекция залы) басты корпусында «Эмоциялық тұрақтылық: эмоциялық интеллектті дамыту, стрессті басқару және тиімді коммуникациялар» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Бұл шара KazMSA ұйымында жұмыс істейтін студенттердің сұрауы бойынша ұйымдастырылды. Шараға 50 адам қатысты.

Семинар барысында қатысушылар эмоциялық интеллекттің компоненттерін және стрессті басқару әдістерін зерттеді.

Семинар-тренингнің мақсаты:

Қатысушылардың эмоциялық интеллект компоненттерін, стрессті басқарудың тиімді әдістерін және коммуникация дағдыларын зерттеу арқылы эмоциялық тұрақтылығын қалыптастыру және дамыту, бұл білім алушылардың жеке және кәсіби өмірін жақсартуына ықпалын тигізеді.

Міндеттері:

1.       Эмоциялық интеллекттің негіздерін зерттеу:

•        Эмоциялық интеллект ұғымы мен оның компоненттерін түсіндіру.

•        Эмоциялық интеллекттің мінез-құлық пен қарым-қатынастарға қалай әсер ететінін көрсету.

2.       Стресті басқару әдістерін талдау:

•        Стрестің себептері мен белгілерін талқылау.

•        Қатысушыларды релаксация және саналы болу техникаларымен таныстыру.

3.       Коммуникациялық дағдыларды дамыту:

•        Байланыс барысында белсенді тыңдаудың және эмпатияның маңыздылығын атап өту.

•        Коммуникациялық дағдыларды жақсарту үшін жаттығулар өткізу.

4.       Арт-терапия мен когнитивті-мінез-құлық терапиясының практикалық әдістерін қолдану:

•        Қатысушыларды арт-терапия және когнитивті – мінез-құтық техникаларымен таныстыру.

•        Алынған білімдерді нығайту үшін практикалық жаттығулар өткізу.

5.       Позитивті эмоциялық фон құру:

•        Эмоциялық тұрақтылықтың маңыздылығын түсінуді қалыптастыру.

•        Тәжірибе мен білім алмасу үшін қолдаушы атмосфера құруға жәрдемдесу.

Семинар арт-терапия бағытында стресстік жағдайларды талдау және теріс эмоцияларды, сезімдерді экологиялық түрде өңдеу үшін практикалық жаттығумен қамтыды. Сондай-ақ, дене жаттығулары мен когнитивті – мінез-құлық терапиясы техникалары ұсынылды. Студенттер талқылаулар мен жаттығуларға белсенді қатысты. Семинар соңында қатысушылар пікірлер мен пайдалы ақпаратты кері байланыс бланкісінде бөлісті.

 

2024 жылғы 19 қазанда Акан Серы көшесі, 136 мекенжайында орналасқан студенттер үйінде «Эмоциялармен қалай болу керек» тақырыбында өткізген психологиялық тренинг. Қатысушылар саны: 20

Тренингнің мақсаты:

Эмоционалдық салаға қатысты білім мен тәжірибені өзектендіру.

Тренингнің міндеттері:

1.       Топта позитивті эмоциялық фон құру.

2.       Эмоционалдық күйіңізді конструктивті түрде білдіру дағдысын жаттықтыру.

3.       «Я-высказывания» техникасы арқылы эмоцияларды «ашық» білдіруді үйрету.

Тренинг барысында арт-терапиялық бағыттағы МАСКОТЕРАПИЯ әдісі көрсетілді. Барлық қатысушылар психологпен бірге «Теріс күй» маскаларын жасап, жасаған маска негізінде басқа қатысушылардың алдында сөз сөйледі. Бұл практикалық жаттығу студенттердің белсенді қатысуын, теріс жағдайларды жеңу тәжірибесін алмасуына ықпал етті. Бұл жаттығу қатысушыларға эмоцияларын және жағдайларын экологиялық түрде өңдеуге мүмкіндік берді.

Әлеуметтік және тәрбие жұмысы орталығының аға әдіскер-психологы Сарбасова К.Қ.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика