2024 жылдың 30 қазанында сағат 20:00-де Женис даңғылы 35 мекенжайы бойынша жатақханада «Эмоция дөңгелегі» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Іс-шараға 10 адам қатысты. Тренингтің мақсаты — эмоционалдық күйді басқару әдістерімен танысу және эмоционалдық интеллектті дамыту.
Тренингтің міндеттері:
• Қатысушыларды «эмоциялар», «сезімдер», «эмоционалдық интеллект», «эмоционалдық жағдай» ұғымдарымен таныстыру;
• Өз эмоцияларын және олардың пайда болу себептерін анықтауға үйрету;
• Эмоцияларды басқару техникасын тәжірибеде қолдану.
Тренинг нәтижесінде қатысушылар эмоционалдық интеллект теориясының негізгі ұғымдарымен танысты, өз эмоцияларын анықтауды және олардың себептерін түсінуді үйренді, сонымен қатар «Эмоция индикаторы» әдісін қоса отырып, эмоцияларды басқару техникасын меңгерді.
«Эмоция индикаторы» әдісі қатысушыларға өздерінің эмоционалдық күйін эмоциялардың екі компоненті: позитивтілік (эмоциялардың жағымдылығы) және энергия деңгейі негізінде бағалауға көмектесті. Бұл топта жайлы эмоционалдық ортаны қолдауға, эмоцияларды анықтау және басқару дағдыларын дамытуға, коммуникативтік дағдыларды жақсартуға және жауапты шешім қабылдауға ықпал етеді.
Тренинг соңында қатысушылар стрессті басқаруға арналған практикалық техникалармен, оның ішінде стресс деңгейін төмендетуге және эмоционалдық тепе-теңдікті қалпына келтіруге көмектесетін дене-бағытталған «Дене сканері» техникасымен танысты. Қатысушылар барлық тәжірибелік жаттығуларға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Әлеуметтік және тәрбие жұмысы орталығының аға әдіскер-психологы – Сарбасова К.Қ.