Назар аударыңыз! Медициналық ЖОО оқытушылары мен ғалымдары арасында «Мамандығының үздігі» байқауы жарияланды

Назар аударыңыз! Медициналық ЖОО оқытушылары мен ғалымдары арасында «Мамандығының үздігі» байқауы жарияланды

Назар аударыңыз! Медициналық ЖОО оқытушылары мен ғалымдары арасында «Мамандығының үздігі» байқауы жарияланды

Астана медицина университетінің HR басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Персоналды басқару департаменті ұйымдастыратын «Мамандығының үздігі» өңірлік байқауының басталғанын хабарлайды. Байқау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы №44 бұйрығымен бекітілген «Мамандығының үздігі» атағын беру қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Байқау номинациялары:

-        «Медициналық ЖОО-ның үздік оқытушысы»

-        «Денсаулық сақтау саласындағы үздік ғалым»

Кімдер қатыса алады?

Байқауға медициналық ЖОО-ларда кемінде 7 жыл үздіксіз педагогикалық немесе ғылыми жұмыс өтілі бар оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер қатыса алады (қоса атқарушылардан басқа).

Құжаттарды қалай тапсыруға болады?

-        Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 2025 жылғы 4 сәуірге дейін қабылданады.

-        Конкурсқа қатысуға арналған материалдар HR басқармасына электронды түрде тапсырылуы қажет. Көрсетілген мерзімнен кейін қабылданған құжаттар қарастырылмайды.

Қажетті құжаттар тізімі:

-        Байқауға қатысуға өтінім (Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес);

-        Қатысушы портфолиосы (Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес);

-        Жетістіктерді растайтын құжаттар (сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес, Қағидалардың 1, 2, 5, 7-қосымшалары).

Байқау ережелері мен қажетті құжаттардың үлгілері хабарландыруға қоса тіркелген.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика