Сессияны күйзеліске салынбай тапсыру жолдары

Сессияны күйзеліске салынбай тапсыру жолдары

Сессияны күйзеліске салынбай тапсыру жолдары

Емтихан кезеңі – студенттік өмірдің маңызды бөлігі. Жақсы дайындалғанның өзінде, күйзеліс пен алаңдаушылық көңіл күйіңіз бен нәтижеңізге кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан академиялық дайындықпен қатар психологиялық дайындыққа да назар аудару маңызды.

Астана медицина университетінің Психологиялық қызметі материалды біркелкі үлестіріп, қайталауға және демалуға арнайы уақыт бөлуді ұсынады. Мұндай тәсіл алаңдаушылық деңгейін төмендетіп, сессия кезеңінде жұмыс қабілеттілігін сақтауға көмектеседі.

Ішкі ой-сезімге ерекше назар аудару қажет. «Мен тапсыра алмаймын» деген сияқты жағымсыз ойлар сенімділікті төмендетіп, зейінді шоғырландыруға кедергі келтіреді. Мұндай ойларды «қолымнан келгенін жасаймын» немесе «дайындалдым және біліміме сенемін» деген конструктивті ойлармен алмастыру қажет. Бұл өзіңізге деген сенімділікті арттырып, сабыр сақтауға көмектеседі.

Күйзелісті азайтудың тиімді әдістерді ұмытпаңыз: тыныс алу жаттығулары, қысқа үзілістер, шамалы физикалық белсенділік, жақын адаммен әңгімелесу – барлығы күйзеліс деңгейін төмендетуге әсер етеді. Емтихан күні асығыстық танытпауға, соңғы сәтте материалды асығыс қайталамауға тырысыңыз. Оның орнына үйренгендеріңізге сүйеніп, тиімді жұмыс істеуге дайындалыңыз.

Егер алаңдаушылық емтиханға дайындалуға немесе оны тапсыруға кедергі келтірсе, бұл мәселе бойынша жалғыз қалмаңыз. АМУ-дың Психологиялық қызметі сізге әрдайым қолдау көрсетуге және күйзелісті жеңудің жеке стратегияларын таңдауға көмектесуге дайын.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика