«Өз кәсібінің үздігі» конкурсы

«Өз кәсібінің үздігі» конкурсы

«Өз кәсібінің үздігі» конкурсы

Құрметті профессор-оқытушылар құрамының қызметкерлері және ғылыми қызметкерлер!

Адами ресурстарды дамыту департаменті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Өз кәсібінің үздігі» конкурсының «Үздік медициналық ЖОО оқытушысы» және «Денсаулық сақтау саласындағы үздік ғалым» номинациялары бойынша 1 университеттік кезеңі өткізілетіні туралы хабарлайды.

1) 2026 жылғы 06-17 сәуір – конкурстың 1 кезеңіне қатысуға құжаттарды қабылдау;

2) 2026 жылғы 04 - 18 мамыр – өңірлік конкурстық комиссияның жұмысы, бірінші кезеңнің жеңімпаздарын анықтау;

3) 2026 жылғы 19-22 мамыр – Денсаулық сақтау министрлігіне конкурстың республикалық деңгейіне қатысу үшін үміткерлердің құжатын жолдау;

Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін үміткерлер келесі құжаттарды тапсырады:

1) №1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Өз кәсібінің үздiгі» атағын беру конкурсына қатысуға арналған өтінім;

2) №2 қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысушының портфолиосы;

3) № 3 қосымшаға сәйкес (Үздік медициналық ЖОО оқытушысы) және №4 қосымшаға сәйкес (Денсаулық сақтау саласындағы үздік ғалым) сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер растайтын құжаттарен бірге.

Конкурстық құжаттама мемлекеттік немесе орыс тілдерінде электрондық және қағаз түрінде Адами ресурстарды дамыту департаментіне мына мекенжай бойынша ұсынылады: Абай даңғылы 47, каб. 623 (персонал жөніндегі менеджер Мадина Агибаева), тел. 577-891 (ішкі 290).

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика