«Астана медицина университеті» КеАҚ 2026–2027 оқу жылына техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға құжат қабылдаудың басталғанын хабарлайды.
Университет тарихында алғаш рет практикалық денсаулық сақтау жүйесі үшін орта буын мамандарын даярлауға бағытталған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша қабылдау ашылды. Бұған дейін университет тек жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асырып келген.
Жаңа білім беру бағдарламалары денсаулық сақтау жүйесінің қажеттіліктеріне сәйкес әзірленген және кәсіби тәжірибелік құзыреттерге ие, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған. Оқыту медициналық ұйымдардың базасында білім алушыларды ерте кезеңнен бастап клиникалық тәжірибеге тартуды көздейтін тәжірибеге бағдарланған тәсіл арқылы жүзеге асырылады.
Қабылдау жүргізілетін білім беру бағдарламалары
09130100 «Мейіргер ісі»
Біліктілігі: 4S09130103 «Жалпы практика мейіргері»
Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай
Біліктілігі: 5АВ09130101 «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры»
Оқу мерзімі: 3 жыл 6 ай
09130200 «Акушерлік іс»
Біліктілігі: 4S09130201 «Акушер»
Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай
09880100 «Медициналық-профилактикалық іс»
Біліктілігі: 4S09880101 «Гигиенист-эпидемиолог»
Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай
09160100 «Фармация»
Біліктілігі: 4S09160101 «Фармацевт»
Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай
Талапкерлердің білім деңгейіне қойылатын талаптар
Білім беру бағдарламаларын меңгеруге келесі білімі бар тұлғалар қабылданады:
жалпы орта білім;
техникалық және кәсіптік білім;
орта білімнен кейінгі білім;
жоғары білім.
Оқу түрі
күндізгі оқу.
Қабылдау емтихандары
Оқуға түсу үшін талапкерлер алдымен психометриялық тестілеуден өтеді. Психометриялық тестілеуден өткеннен кейін ғана қабылдау емтихандарына жіберіледі.
Қабылдау емтихандары университет базасында компьютерлік тестілеу форматында келесі бейіндік пәндер бойынша өткізіледі:
биология;
химия.
Психометриялық тестілеу мен қабылдау емтихандарының өткізілу мерзімдері, сондай-ақ емтихан кестесі туралы ақпарат «Астана медицина университеті» КеАҚ қабылдау комиссиясы тарапынан қосымша жарияланады.
Құжат қабылдау мерзімі
Құжаттар 2026 жылғы 5 тамызға дейін қабылданады.
Құжаттарды «Астана медицина университеті» КеАҚ қабылдау комиссиясы қабылдайды.
Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі
1. Университет Басқарма төрағасы – Ректордың атына өтініш;
2. Білім туралы құжаттың түпнұсқасы;
3. Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірмесі);
4. 3×4 см көлеміндегі 6 фотосурет;
5. 075/у нысанындағы медициналық анықтама, флюорография суреті, 063/у нысанының көшірмесі;
6. Психометриялық емтиханнан өткені туралы үзінді көшірме.
І немесе ІІ топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға қосымша 031/у нысанындағы медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) қорытындысы ұсынылады.
Байланыс ақпараты
«Астана медицина университеті» КеАҚ
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 49А
Мейіргер ісі мектебі, 801 кабинет
Тел.: +7 (7172) 57-78-96 (ішкі 292)
Ұялы тел.: +7 775 573 23 33.