Астанада KaSBariMeT-2026 III Халықаралық конгресі өтеді

Астанада KaSBariMeT-2026 III Халықаралық конгресі өтеді

Астанада KaSBariMeT-2026 III Халықаралық конгресі өтеді

2026 жылғы 3–4 шілдеде Астана қаласында «Метаболикалық және бариатриялық хирургиядағы сын-қатерлер мен үрдістер» тақырыбында Қазақстанның бариатриялық және метаболикалық хирургтар қоғамының III Халықаралық конгресі (KaSBariMeT-2026) өтеді. Іс-шараның Семіздік хирургиясы және басқа да емдік әдістер жөніндегі дүниежүзілік федерациясы (IFSO) тарапынан мақұлдануы оның жоғары халықаралық мәртебесін айқындайды.

Конгресс семіздік, қант диабеті және метаболикалық бұзылыстардың алдын алу мен емдеудің өзекті мәселелерін талқылау үшін әлемнің әртүрлі елдерінен келген жетекші мамандарды, ғалымдарды және тәжірибелі дәрігерлерді біріктіреді. Заманауи ғылыми жетістіктерге, хирургиялық емдеудің ұзақ мерзімді нәтижелеріне, сондай-ақ FundoRing әдісін қоса алғанда, инновациялық технологияларды енгізу перспективаларына ерекше назар аударылады.

Қатысушыларды АҚШ, Еуропа елдері, Жапония, Израиль, Қытай, Ресей және басқа мемлекеттерден келген халықаралық деңгейдегі жетекші сарапшылардың баяндамалары, озық тәжірибе алмасу, жаңа клиникалық тәсілдерді талқылау және емдеудің заманауи стандарттарын қалыптастыру күтіп тұр.

Ұйымдастырушылар:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;

«Астана медицина университеті» КеАҚ;

«Қазақстанның бариатриялық және метаболикалық хирургтар қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі.

Өтетін орны:

3 шілде – Hilton Astana қонақ үйі, Ғ. Әлиев көшесі, 14;

4 шілде – Астана медицина университеті, Бейбітшілік көшесі, 49а.

Конгресс сайты: www.kazbarimet.kz

KaSBariMeT-2026 Қазақстанда және одан тыс жерлерде метаболикалық және бариатриялық хирургияны дамытуға, кәсіби диалогты нығайтуға және ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге арналған маңызды халықаралық алаң болмақ.

Конгресс бағдарламасы қоса беріледі.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика