Остеопатия және дәстүрлі медицина: Астанада халықаралық конференция өтеді

Остеопатия және дәстүрлі медицина: Астанада халықаралық конференция өтеді

Остеопатия және дәстүрлі медицина: Астанада халықаралық конференция өтеді

Астана медицина университетінде Қазақстан және шетел сарапшылары остеопатия мен дәстүрлі медицинаның пәнаралық өзара іс-қимылын дамыту перспективаларын талқылайды.

4 қыркүйекте «Остеопатияның дәстүрлі медицинамен пәнаралық өзара іс-қимылының заманауи аспектілері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Іс-шара денсаулықты сақтау және қалпына келтірудің заманауи тәсілдерін талқылау үшін ғалымдар, дәрігерлер, оқытушылар, медициналық жоғары оқу орындарының білім алушылары мен кәсіби қауымдастық өкілдерінің басын қосады.

Конференция медицинаның түрлі бағыттарын ықпалдастыру мүмкіндіктерін, қолданылатын әдістемелерді ғылыми тұрғыдан зерделеу және пәнаралық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын қалыптастыру мәселелері бойынша кәсіби пікір алмасуға арналған алаңға айналады.

Спикерлер қатарында медицина және остеопатия саласының жетекші мамандары, Қазақстанның ғылыми және академиялық қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ Франциядағы Остеопатия орталығының директоры, шетелдік сарапшы Пьер Ве (Pierre Vey) бар.

Конференция бағдарламасында ғылыми баяндамалар, дөңгелек үстел және практикалық шеберлік сабақтары қарастырылған. Қатысушылар заманауи әдістер мен тәсілдерді, остеопатия мен дәстүрлі медицинаны ғылыми зерттеудің перспективаларын, бейінді мамандарды даярлау мәселелерін және осы бағытты денсаулық сақтау жүйесінде одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылайды.

Пәнаралық өзара іс-қимылдың ғылыми-практикалық негізін қалыптастыруға және кәсіби ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылады.

Конференция қорытындысы бойынша остеопатия мен дәстүрлі медицина саласындағы ғылыми-практикалық ынтымақтастықты жүйелеуге және одан әрі дамытуға бағытталған бірлескен меморандум қабылдау жоспарлануда.

Күні: 2026 жылғы 4 қыркүйек.

Уақыты: 09:30

Өтетін орны: Астана медицина университеті

Ұйымдастырушылар: Астана медицина университеті, академик Е.Д. Даленов атындағы Профилактикалық медицина ғылыми-зерттеу институты, В.Л. Андрианов атындағы Остеопатиялық медицина институтының Орталық Азия факультеті және «Қазақстан остеопаттары альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі.

Бағдарлама қоса беріледі.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика