020 жылғы 15 желтоқсанда «Астана медицина университеті» КеАҚ-тың (әрі қарай – Университет) ұйымдық құрылымы мен штаттық орналастыруының өзгерулеріне байланысты, барлық құрылымдық бөлімшелер (кафедра, деканат, бөлім, орталық, департамент, қызмет, т.б.) Университеттің www.amu.kz сайтына хатқа қоса жіберілген шаблондарға (әрі қарай – шаблондар) сәйкес үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) өздері туралы ақпаратты 2021 жылғы 15 наурызға дейін жіберулері керек. Осы шаблондарды сайттағы «Қызметкерге» бөлімінде көре аласыздар.
2020 жылдың тамыз айынан бастап (2020-2021 оқу жылдары) ақпаратты жіберілген құрылымдық бөлімшелерге сайттағы ағымдағы ақпараттың өзектілігін тексеру және салыстыру қажет. Ақпаратты жіберілген құрылымдық бөлімшелердің тізімі сол хаттың төменгі бөлігінде. Өзгерістер бар болған жағдайда, сол шаблондарға сәйкес ақпаратты толықтырып, бізге қайта жіберулеріңізді сұраймыз. Шаблондарда ескі құрылымға сәйкес атауларыңызды да жазып жіберіңіздер.
Егер «Қызметкерге», «Студентке», «Дәрігерге», «Жұмыс берішуге» және басқа да сайттың бөлімдерінде құжаттарыңыз болса, сол құжаттарды жаңартуларыңыз керек.
Толтырылған шаблондарды үш тілде Ректор аппараты басқарушысы Б. Асқаровқа бекітуге тапсырып, электронды нұсқасын Corpsite@amu.kz поштасына жіберіңіздер (қазақ тіліндегі нұсқаны міндетті түрде Мемлекеттік тілді дамыту тобы тексеру керек). Сонымен қатар, бөлімше басшысының суреті, ұжымдық сурет қоса жіберілу керек. Ақпарат шаблондарға сәйкес толтырылмаған жағдайда, қабылданбайды.
Сіздердің жауапкершіліктеріңіз бен жеделдіктеріңізге сенеміз.
Сұрақтар бойынша, Баспасөз қызметі 24-90-01, ішкі 494 телефон нөмірлері арқылы хабарласыңыздар.
Сайтқа құрылымдық бөлімшелер үшін орыс үлгісі
Сайтқа құрылымдық бөлімшелер үшін Қазақ үлгісі
Сайтқа құрылымдық бөлімшелер үшін ағылшын үлгісі
2020-2021 оқу жылдарында ақпарат ұсынған құрылымдық бөлімшелердің тізімі.
Құрылымдық бөлімшенің атауы: |
Жіберілген күні: |
Офис-тіркеуші орталығы |
28.08.2020 |
Мейірбике ісі факультеті |
30.09.2020 |
Әскери кафедра |
05.10.2020 |
Медицина негіздері " кафедрасы» |
13.10.2020 |
№2 Акушерлік және гинекология кафедрасы |
13.10.2020 |
Медициналық құқық және этика кафедрасы |
14.10.2020 |
ЕҚ және эпидемиология кафедрасы |
20.10.2020 |
Психиатрия және наркология кафедрасы |
20.10.2020 |
Инфрақұрылымды дамыту департаменті |
24.11.2020 |
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі |
24.11.2020 |
Инженерлік-техникалық қамтамасыз ету бөлімі |
10.12.2020 |
Балалар жұқпалы аурулары кафедрасы |
19.01.2021 |
Дәлелді медицина курсы бар жалпы дәрігерлік практика кафедрасы |
26.01.2021 |