Нұр-Сұлтан қаласы, “Астана медицина университетінің” “Қоғамдық денсаулық және менеджмент” факультетінің 4-курс 401-402-топтары арасынан 6 студент академиялық ұтқырлық аясында 28.11.21-12.12.21 күндері аралығында Баку қаласының “Әзірбайжан Медицина Университетінде” оқып келдік. Академиялық алмасу “Мемлекеттік санитариялық эпидемиологиялық қызмет” пәнінен болды.
Студенттердің есебінен:
«Ең алғашқы күн, 28.11.21, алдымен жалпы университеттің тарихымен, ондағы ішкі тәртіп пен білім беру жүйесімен таныстық. Танысу барысында университет өз бетінше медициналық университет ретінде 1930 жылы 9 мамырдан бастап, 2 факультетпен: емдік- профилактикалық және санитариялық-гигиеналық бағытта өз жұмысын бастаған. Осындай 1 ғасырға жуық тарихы бар білім ордасында бүгінде 7 оқу корпусы, 6 факультет және 75 кафедра бар екен. Бүгінде білім ордасында 9 мыңға жуық студенттер білім алып жатыр. Студенттер үш тілде: әзербайжан, орыс және ағылшын тілдерінде білім алады. Соған сәйкес университет 60 елден шетелдік студенттерді қабылдап, өз білімдерімен бөлісуде. Білім беру процесінде, университет қабырғасында ғылым кандидаттары, доцент дәрігерлер мен профессорлардың жеткілікті саны бар кадрлық жүйесіне көз жеткіздік.
Осы орайда, біздер де аз уақыт ішінде университеттің теориялық және практикалық дәріс алу барысында, бірқатар кафедраларда болдық. Оның ішінде, “Коммуналдық гигиена” кафедрасында, “Тағамтану гигиенасы” кафедрасында, “ Гигиена және эпидемиология” кафедрасы мен “Жасөсіпірімдер мен балалар гигиенасы” кафедраларында болдық. Осы аталған кафедралар өз білімдерімен толыққанды бөлісіп, соның арқасында өзімізге тың ақпараттар жинай білдік. Білім алу барысы, тек университет қабырғасымен шектелмеді. Практикалық білім ретінде,” Республикалық Гигиена және Эпидемиология орталығына” барып, ондағы ішкі жұмыс саясатымен, санитариялық қызметтің мақсат-міндетімен, функциясы және орталықтың құрылымдық жүйесімен таныстық.
Сонымен қатар, ондағы ерекше бөлім - “Орталық токсикологиялық референс-зертхана” жұмысымен таныстық. “Жасөсіпірімдер мен балалар гигиенасы” кафедрасы бойынша, бастауыш сыныптарын санитариялық-гигиеналық бағалау мақсатында, қаладағы орта мектептердің бірінде болдық. Осы бағытта «Здоровое образование – здоровая нация» деп аталатын бағдарлама аясында жұмыс жасап жатқан эксперименттік сыныптарда болдық. Жалпы, осындай теориялық және практикалық білімдерді жинақтай отырып, өзімізге ой түйдік, білім жинақтадық. Әсіресе, мектептегі жас буынның патриоттық сезімдері ерекше әсер қалдырды. Білімді қорытындылау мақсатында, цикл соңында жазбаша емтихан ( тест), емтиханға дейін аралық бақылаулар мен студенттің өзіндік жұмыстарын (презентация) тапсырып отырдық.
Қорытындылай келе, осы уақыт аралығында уақытымызды тек білімге ғана емес, Әзербайжан елінің мәдениетімен, салт- дәстүрімен, құндылықтары мен қала мәдениетімен, ондағы тұрмыс-тіршілік пен ерекше тарихи жерлерімен танысуға арнадық. Танысу барысында, Баку қаласы – ерекше тарихи ғимараттарымен және қала тұрғындарының аса қонақжайлылығымен, кішпейілділігімен бізді бірден баурап алды. Білім алмасу , екі ел арасындағы достық қарым-қатынасқа да себеп болды десек те болады.
Олай дейтніміз, өзімізге жаңа достар таптық. Қалада “ Ескі қала”, Гейдар Алиев” музейінде, “ Қыз қаласы” қамалында, “ Тау паркі” мен басқа да әсем жерлерінде болдық. Жалпы, университет пен Баку қаласы, бізді өзге елдің азаматтары ретінде емес, өз қандас бауырлары ретінде қарсы алды! Баку қаласында білім алу – біз үшін үлкен бақыт! Осындай білім алмасу үшін «Астана медицина университеті» ұжымына алғыс білдіреміз!»