Астана медицина университеті» КеАҚ-та 2022 жылғы 15 наурызда Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарының және Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің және медициналық ұйым басшыларының университет түлектерімен кездесуі өтті.
Кездесуді «Астана медицина университеті» КеАҚ-тың клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры Кошерова Бахыт Нургалиевна құттықтау сөзімен ашты. Денсаулық сақтау басқармаларының келесі өкілдері сөз сөйледі:
- Рустемова Алия Шайзадаевна -Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы;
- Сыздыков Нариман Ермекович – Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы;
- Жумабаева Зауре Еркиновна – «Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы» ММ адам ресурстарын басқару және дамыту бөлімінің басшысы;
- Кусемисов Кумар Тлеуболдыұлы – «Солтүстік қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы» басшысының орынбасары.
Содан кейін денсаулық сақтау басқармалары өкілдері, ауруханалар мен емханалардың, сондай-ақ жеке медициналық ұйымдардың бас дәрігерлері мен директорлары сөз сөйлеп, олардың презентациялары ұсынылды.
Кездесуге 102 жұмыс беруші қатысып, олар жұмысқа орналастыру мәселелеріне байланысты түсіндіру және ақпарат беру бойынша кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді, атап айтқанда шарттар жасасты, қолдаухат берді, жергілікті атқарушы органдардың гранттары бойынша жұмыспен өтеу, көтерме, әлеуметтік пакет және басқа да мәселелер бойынша жауап берді. Аталған іс-шараға 400-ден астам түлек қатысты.
Грантты өтеу үшін өңірлерге баруға шешім қабылдаған түлектер келесі мүмкіндіктерді пайдалана алады:
Солтүстік Қазақстан облысы:
- резидентурада оқу үшін гранттар;
Ауылдық жер:
- жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен 2 500 000 теңге;
- медициналық ұйымның өз қаражаты есебінен 1 000 000 теңге;
- тұрғын үй сатып алу үшін 4 594 500 теңге көлемінде бюджеттік кредит;
- «Дипломмен ауылға!» бағдарламасымен 306 300 теңге;
- тұрғын үйді жалға алудың 50% - ын төлеу;
- ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін 25% қосымша ақы төлеу;
- ведомстволық тұрғын үй беру;
Қалалық жер:
- жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен 1 500 000 теңге;
- медициналық ұйымның өз қаражаты есебінен 1 000 000 теңге;
- қалалық әкімдіктен 612 600;
- тұрғын үйді жалға алудың 50% - ын төлеу;
- «Дәрігер үйінде» тегін тұрғын үй беру.
Ақмола облысы:
- жергілікті атқарушы органдардың есебінен 1 000 000 теңгеден бастап қаражат
- ерлі-зайыптыларға әрқайсысына 1 000 000 теңгеден;
- лауазымдық жалақыға қосымша төлемақылар;
- коммуналдық қызмет шығындарын өтеу;
- жатақхана беру;
- жалдау төлемдерін әлеуметтік төлеу;
- балабақшалардан орын беру;
- жұбайын/зайыбын жұмысқа орналастыру;
- резидентурада оқу үшін гранттар.
Ауылдық жер:
- ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін 25% қосымша ақы төлеу;
- «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша 306 300 теңге;
- тұрғын үй сатып алу үшін 4 594 500 теңге көлемінде бюджеттік кредит;
Қалалық жер:
- медициналық қызметкерлерге Көкшетау қаласынан тұрғын үй беру.
Қостанай облысы:
- Дәрігердің орташа жалақысы – 462 000 теңге;
- Резидентурада оқу үшін 50 грант;
Ауылдық жер:
- жергілікті атқарушы органдардың есебінен 2 000 000-нан 5 000 000 теңгеге дейін қаражат;
- "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша көтерме ақы 306 300 теңге (100 АЕК) және тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдетілген несие 4 594 500 теңге (1 500 АЕК);
Қалалық жер:
- жергілікті атқарушы органдардың есебінен 1 500 000-нан 3 500 000 теңгеге дейін қаражат;
- медициналық ұйымның өз қаражаты есебінен төленетін төлемдер;
- тұрғын үйді жалдау ақысын төлеу.