Құрылу тарихы
Академиялық жұмыс департаменті 2025 жылдың маусым айында «Астана медицина унивеситеті» КеАҚ директорлар кеңесінің шешімімен оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру орталығын, тіркеуші офисін, білім алушыларды бақылау және есепке алу орталығын, сондай-ақ білім беру процесінің сапасын аудиттеу тобын біріктіру арқылы құрылды.
Департамент университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Академиялық жұмыс жөніндегі проректорға және Басқарма төрағасы – Ректорға бағынады.
Департамент қызметі келесі құжаттарға негізделеді:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына («Білім туралы», «Ғылым және технологиялық саясат туралы» және т.б.);
- ҚР ДСМ және ҚР ҒЖБМ нормативтік актілеріне;
- Университеттің Жарғысына, Даму стратегиясына, Сапа саласындағы саясатына және ішкі нормативтік құжаттарына.
Департаменттің негізгі міндеттері:
- Университеттің академиялық саладағы стратегиясы мен операциялық жоспарларын іске асыру;
- Оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру;
- Білім алушылардың академиялық үлгерімін есепке алу және сүйемелдеу;
- Контингенттің статистикалық және дербес есебін жүргізу;
- Академиялық құжат айналымын ұйымдастыру және жүргізу;
- Аудиториялық қор мен педагогикалық жүктемені мониторингтеу;
- Ішкі және сыртқы аудиттер үшін есептілікті дайындау;
- Ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу;
- Академиялық саясат пен білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға қатысу.
Қызмет бағыттары:
Департамент келесі жұмыстарды жүзеге асырады:
- білім алушылардың жеке істерін қабылдау, есепке алу және сақтау;
- контингенттің дербес және статистикалық есебін жүргізу;
- контингент қозғалысы бойынша бұйрықтарды рәсімдеу;
- кафедралардың оқу жүктемесін есептеу және оның орындалуын бақылау;
- академиялық күнтізбе мен сабақ кестесін құрастыру;
- үлгерім, кредиттер, GPA есебін жүргізу және транскрипттерді қалыптастыру;
- аралық және қорытынды бақылауды, соның ішінде компьютерлік тестілеу мен апелляцияны ұйымдастыру;
- дипломдар, қосымшалар, дубликаттарды рәсімдеу және олардың верификациясын жүргізу;
- ҚР ҒЖБМ, ҚР ДСМ, ҰБТ және басқа мемлекеттік органдармен есептілік пен өзара іс-қимл жүргізу;
- оқу процесін автоматтандыруға (АИС «Platonus», «UMOSC») қатысу.
Байланыс ақпараты:
Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 49 А
Кабинеттер: 308, 201, 202, 203а, 203б, 208
Телефондар: 539435, 539573, 273190, 539436