Медицина мектебі

Білім беру бағдарламасы: 6В10123 – Медицина
Білім деңгейі: Бакалавриат
Дайындық бағыты: 6В101 – Денсаулық сақтау
Оқыту тілдері: орыс, қазақ, ағылшын
Оқу мерзімі: 6 жыл

Бағдарламаның өзектілігі:

·        Мемлекеттік талаптар мен кәсіби стандарттарға сәйкестігі:
Бағдарлама МЖМБС, Ұлттық біліктілік шеңбері және кәсіби стандарттарға сәйкес әзірленген; қорытынды аттестаттау мен дайындық көлемі мемлекеттік стандарттар талаптарына сай; нормативтік-құқықтық базадағы өзгерістер мен мүдделі тараптардың ұсыныстары негізінде бағдарлама тұрақты түрде жаңартылып отырады.

·        Еңбек нарығының қажеттіліктеріне бағдарлануы:
Бағдарлама өңірлік еңбек нарығының сұранысын және жұмыс берушілердің қатысуын ескере отырып қалыптастырылады; білім беру бағдарламасын әзірлеу мен басқаруға практикалық денсаулық сақтау саласының өкілдері қатысады; жұмыс берушілердің рецензиялары бар.

·        Заманауи білім беру тәсілдері:
Инновациялық білім беру технологиялары қолданылады: PBL, CBL, «Стандартталған пациент», геймификация, дизайн-ойлау; модульдерде TPCBL және кейс-әдістер енгізілген; цифрлық ресурстар пайдаланылады: e-university, smart-amu, онлайн-платформалар; профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру, оның ішінде шетелдік мамандарды тарта отырып семинарлар мен шеберлік сабақтарын өткізу жүзеге асырылады.

·        Бағдарламаға жоғары сұраныс:
Осы білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар контингенті – 3252 студент.

Қорытынды: бағдарлама сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті және денсаулық сақтау жүйесінің заманауи талаптарына бағдарланған.

Түлектің портреті

Бағдарлама түлегі — денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істеуге дайын, интернатураға және әрі қарай кәсіби өсуге бейімделген, медицинадағы өзгерістерге икемді, пациентке бағдарланған, медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігіне басымдық беретін бастапқы деңгейдегі құзыретті жалпы практика дәрігері.

Бағдарламаның нысаналы аудиториясы

Негізгі нысаналы аудитория:
11-сынып түлектері;
медициналық және медициналық емес колледж түлектері;
дәрігер біліктілігін алуға бағытталған талапкерлер.

Әлеуетті білім алушылардың сипаттамасы:

  • Жасы: негізгі санат – 17–19 жас (мектеп түлектері), сондай-ақ ересек жастағы білім алушылар (колледж түлектері) болуы мүмкін.
  • Дайындық бейіні: биология-химия бағыты; медициналық колледждер; жоғары академиялық деңгейі бар талапкерлер (жоғары өту балы ескеріле отырып).
  • Мотивациясы: дәрігер мамандығының беделі; кәсіптің әлеуметтік маңыздылығы; әрі қарай мамандану мүмкіндігі (интернатура, резидентура); ғылыми және зерттеу қызметімен айналысу мүмкіндігі.

Білім беру бағдарламасының бәсекелік артықшылықтары

Бағдарламаның ерекшелігі:

  • Медициналық білім берудің интеграцияланған моделі (іргелі және клиникалық пәндердің алғашқы курстардан бастап бірлігі).
  • Практикалық денсаулық сақтау және клиникалық базалармен тығыз байланыс.
  • Жоғары конкурс және өту балы – бағдарламаның сұранысқа ие екенін дәлелдейді.
  • Білім алушылар мен жұмыс берушілердің қатысуымен ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесі.

Мазмұнының бірегейлігі:

  • Модульдік және құзыреттілікке негізделген оқыту форматы;
  • Дәлелді медицина мен клиникалық ойлауға басымдық;
  • Элективті пәндер мен жеке білім беру траекториясын қамту;
  • Оқудың бастапқы кезеңінен бастап ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту.

Шетелдік оқытушылар мен жұмыс берушілерді тарту:

  • Шетелдік сарапшылардың қатысуымен шеберлік сабақтары мен семинарлар өткізу;
  • Білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы;
  • Жұмыс берушілерді білім беру бағдарламасын әзірлеуге және рецензиялауға тарту;
  • Тәжірибелі дәрігерлердің білім беру үдерісіне қатысуы.

Инновациялық технологияларды пайдалану:

  • PBL, CBL, TPCBL және кейс-әдістер;
  • «Стандартталған пациент» әдісі;
  • Геймификация және дизайн-ойлау элементтері;
  • Цифрлық білім беру ортасы (e-university, LMS, электрондық ресурстар).

Оқушылардың суреттері (сыныптарда, іс-шараларда және т.б.)

1.jpg   2.jpg   

3.jpg

Школа общественного здоровья и менеджмента

Образовательная программа: 6B10126 «Медико-профилактическое дело»

Уровень образования: интегрированная образовательная программа с присвоением степени магистр здравоохранения

Направление подготовки: 6B101 «Здравоохранение»

Язык обучения: казахский, русский

Сроки обучения:

·     5 лет – полный цикл подготовки;

·     4 года – на базе технического и профессионального образования (ТиПО)

Актуальность программы

Актуальность образовательной программы обусловлена возрастающей потребностью общества в специалистах, способных обеспечивать санитарно-эпидемиологическое благополучие населения, предупреждать распространение инфекционных и неинфекционных заболеваний, а также контролировать влияние факторов окружающей среды на здоровье человека.

В условиях современных эпидемиологических угроз, глобализации инфекционных заболеваний, экологических изменений и роста факторов риска для здоровья населения особое значение приобретает подготовка специалистов, владеющих современными методами санитарно-эпидемиологического надзора, эпидемиологического анализа, гигиенической оценки факторов окружающей среды и разработки профилактических мероприятий.

Образовательная программа направлена на подготовку специалистов профилактической медицины, способных осуществлять санитарно-эпидемиологический контроль, проводить научно-аналитическую деятельность и участвовать в обеспечении санитарно-эпидемиологической безопасности населения.

ПОРТРЕТ ВЫПУСКНИКА

Выпускник образовательной программы «Медико-профилактическое дело», завершивший интегрированную подготовку с присвоением степени магистр здравоохранения, является специалистом в области профилактической медицины и санитарно-эпидемиологического благополучия населения.

Выпускник:

1.   Является специалистом в области контроля и надзора за санитарно-эпидемиологическим благополучием населения;

2.   Владеет методами эпидемиологического анализа, оценки факторов риска и санитарно-гигиенической оценки факторов окружающей среды;

3.   Осуществляет санитарно-гигиенический и эпидемиологический мониторинг состояния окружающей среды и здоровья населения;

4.   Разрабатывает и реализует профилактические и противоэпидемические мероприятия по предупреждению инфекционных и неинфекционных заболеваний;

5.   Проводит анализ и оценку состояния общественного здоровья населения;

6.   Применяет лабораторные, статистические, цифровые и информационные технологии в профессиональной деятельности;

7.   Участвует в организации и проведении санитарно-эпидемиологических исследований;

8.   Осуществляет санитарно-просветительскую деятельность и формирование здорового образа жизни населения;

9.   Готов к научно-исследовательской, аналитической и экспертной деятельности в области профилактической медицины и общественного здравоохранения.

ЦЕЛЕВАЯ АУДИТОРИЯ ПРОГРАММЫ

Абитуриенты лица, имеющие среднее образование, а также техническое и профессиональное или послесреднее образование (на базе ТиПО), поступающие для получения высшего образования по направлению подготовки «Здравоохранение».

Характеристика потенциальных обучающихся


Потенциальные обучающиеся — лица, заинтересованные в получении высшего образования в сфере здравоохранения и профилактической медицины, ориентированные на профессиональную деятельность в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения, профилактики заболеваний и охраны общественного здоровья. Как правило, это выпускники общеобразовательных школ, медицинских колледжей и организаций технического и профессионального образования, обладающие базовыми знаниями в области естественных наук и мотивированные на развитие профессиональных компетенций в сфере гигиены, эпидемиологии, профилактики заболеваний и санитарно-эпидемиологического контроля.

Профиль подготовки:

1.   Выпускники общеобразовательных школ;

2.   Выпускники медицинских колледжей и организаций технического и профессионального образования (ТиПО);

3.   Лица, заинтересованные в получении образования в области профилактической медицины, эпидемиологии и общественного здравоохранения.

Мотивация обучающихся

-     получение профессии в сфере санитарно-эпидемиологического контроля и профилактической медицины;

-     участие в обеспечении санитарно-эпидемиологической безопасности населения;

-     развитие профессиональных компетенций в области гигиены, эпидемиологии и профилактики заболеваний;

-     профессиональная реализация в системе здравоохранения, санитарно-эпидемиологического контроля и научных организациях.

КОНКУРЕНТНЫЕ ПРЕИМУЩЕСТВА ОП

-         Актуальность программы, ориентированной на обеспечение санитарно-эпидемиологического благополучия населения и профилактику заболеваний.

-         Интегрированная подготовка специалистов профилактической медицины с присвоением степени магистр здравоохранения.

-         Практико-ориентированная подготовка, включающая участие студентов в санитарно-эпидемиологических исследованиях, лабораторных анализах и профилактических мероприятиях.

-         Использование современных лабораторных, информационных и аналитических технологий в сфере гигиены, эпидемиологии и общественного здравоохранения.

-         Подготовка специалистов для системы санитарно-эпидемиологического контроля, центров общественного здоровья и организаций здравоохранения.

-         Возможность участия студентов в научно-исследовательских проектах, эпидемиологических исследованиях и программах профилактики заболеваний.

-         Высокая востребованность выпускников в органах санитарно-эпидемиологического контроля, медицинских организациях, лабораториях, научных учреждениях и структурах общественного здравоохранения.


1.jpg   2.jpg  


3.jpg


Фармация мектебі

Білім беру бағдарламасы: 6В10104 – Фармация

Білім деңгейі: Бакалавриат

Дайындық бағыты: 6В101 – Денсаулық сақтау

Оқыту тілдері: орыс, қазақ, ағылшын

Оқу мерзімі: 5 жыл

Бағдарламаның өзектілігі:

· Мемлекеттік талаптарға және кәсіби стандарттарға сәйкестігі:

бағдарлама МЖМБС, Ұлттық біліктілік шеңберіне және фармацевтикалық қызмет саласындағы кәсіби стандарттарға сәйкес әзірленген; Білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұны тиісті фармацевтикалық практикалардың (GxP: GPP, GDP, GMP, GSP) талаптарына сәйкес келеді; тұрақты өзектендіру нормативтік базаның өзгерістерін және саланың қажеттіліктерін ескере отырып жүзеге асырылады.

· Еңбек нарығының қажеттіліктеріне бағдарлану:

бағдарлама фармацевтикалық нарық пен денсаулық сақтау жүйесінің қажеттіліктерін ескере отырып қалыптастырылады; әзірлеуге жұмыс берушілер (дәріхана желілері, фармацевтикалық компаниялар, дистрибьюторлар, өндірістік кәсіпорындар) қатысады; бейінді базаларда практикадан өту көзделген.

· Заманауи білім беру тәсілдері:

оқытудың инновациялық әдістерін пайдалану: PBL, CBL, TBL, кейс-әдістер, симуляциялық технологиялар; клиникалық фармация және фармацевтикалық консультация элементтерін енгізу; цифрлық дағдыларды дамыту (e-university, LMS, smart-amu, фармацевтикалық ақпараттық жүйелер); халықаралық тағылымдамалар мен шеберлік сыныптарын қоса алғанда, ПОҚ біліктілігін арттыру.

· Бағдарламаға жоғары сұраныс:

бағдарлама талапкерлер мен жұмыс берушілер арасында сұранысқа ие; түлектердің дәріхана секторына, фармацевтика индустриясына, клиникалық практикаға және реттеуші органдарға жұмысқа орналасуға кең мүмкіндіктері бар.

· Қорытынды:

білім беру бағдарламасы сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті болып табылады және фармацевтика саласы мен денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келеді.

Түлектің портреті

Бағдарламаның түлегі - бұл:

дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында білімі мен дағдылары бар, дәрілерді ұтымды және қауіпсіз қолдануды қамтамасыз етуге, фармацевтикалық консультация беруді жүзеге асыруға, клиникалық және өндірістік процестерге қатысуға қабілетті, кәсіби дамуға дайын фармация саласындағы құзыретті маман (магистратура, мамандандыру, ғылыми қызмет).

Бағдарламаның мақсатты аудиториясы

Негізгі мақсатты аудитория:

мектеп түлектері (11-12 сынып); медициналық және медициналық емес колледждердің түлектері; фармацевт біліктілігін алуға бағдарланған талапкерлер.

Әлеуетті білім алушылардың сипаттамасы:

• Академиялық деңгей:

дайындықтың жоғары деңгейі (конкурстық іріктеу)

• Мотивация:

фармацевтикалық қызметке қызығушылық; кәсіптің беделі мен тұрақтылығы; еңбек нарығындағы сұраныс; мансаптық өсу мүмкіндіктері (дәріхана, индустрия, клиникалық фармация, ғылым)

Білім беру бағдарламасының бәсекелестік артықшылықтары

• Бағдарламаны не ерекшелейді:

іргелі, фармацевтикалық және клиникалық пәндерді ықпалдастыру;

практикаға және фармацевтика саласының нақты секторына бағдарлану;

клиникалық фармация мен фармацевтикалық консультация беруді енгізу;

жұмыс берушілермен өзара іс-қимылдың жоғары деңгейі.

• Мазмұнның бірегейлігі:

оқытудың модульдік және құзыреттілік құрылымы;

дәлелді медицинаға және ұтымды фармакотерапияға баса назар аудару;

дәрілік заттар айналысының толық циклін зерделеу (әзірлеу - өндіру - сапасын бақылау - сақтау - өткізу - қолдану);

ерте курстардан бастап зерттеу дағдыларын дамыту.

• Шетелдік оқытушыларды, жұмыс берушілерді тарту:

халықаралық сарапшылардың қатысуымен шеберлік сыныптарын өткізу;

білім алушылар мен ПОҚ-ның академиялық ұтқырлығы;

фармацевтикалық индустрия және дәріхана желілері өкілдерінің білім беру процесіне қатысуы.

• Инновациялық технологияларды пайдалану:

• тәжірибеге бағдарланған тәсілмен GxP-практикаларды (GMP, GDP, GPP, GSP) тереңдетіп зерделеу;

• дәріхана желілерімен, фармацевтикалық өндірістермен және дистрибьюторлық компаниялармен, медициналық ұйымдармен әріптестік;

• фармацевтикалық қызмет бойынша тәжірибеге бағытталған кейстер;

Оқушылардың суреттері (сыныптарда, іс-шараларда және т.б.)

2.jpg  

1.jpg  3.jpg  

4.jpg




Педиатрия мектебі

Білім беру бағдарламасы: 6В10125 Педиатрия

Білім деңгейі: Бакалавриат

Даярлау бағыты: 6В101 Денсаулық сақтау

Оқыту тілі: орыс, қазақ, ағылшын

Оқу мерзімі: 6 жыл

Бағдарламаның өзектілігі:

• Білім беру бағдарламасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының (МЖБС), Ұлттық біліктілік шеңберінің және қолданыстағы кәсіптік стандарттардың талаптарына сәйкес әзірленген. Білім алушыларды даярлау көлемі және қорытынды аттестаттау нысандары белгіленген нормативтік талаптарға толық сәйкес келеді. Нормативтік-құқықтық базадағы өзгерістерді және мүдделі тараптардың ұсынымдарын ескере отырып, бағдарламаны үнемі өзектілендіру қамтамасыз етіледі.

• Бағдарламаның мазмұны өңірлік еңбек нарығының қажеттіліктеріне бағдарланған және жұмыс берушілердің пікірін ескере отырып қалыптастырылады. Білім беру бағдарламасын әзірлеуге және іске асыруға практикалық денсаулық сақтау өкілдері қатысады, бұл сараптамалық қорытындылар мен рецензиялардың болуымен расталады.

• Білім беру процесінде заманауи педагогикалық технологиялар, соның ішінде проблемалық-бағдарлы оқыту (PBL), кейс-бағдарлы оқыту (CBL), «Стандартталған пациент» әдісі, геймификация және дизайн-ойлау элементтері қолданылады. Оқу модульдеріне TPCBL технологиялары мен кейс-әдістер енгізілді. Цифрлық білім беру ресурстары (e-university, smart-amu, онлайн-платформалар) белсенді пайдаланылады. Профессорлық-оқытушылық құрамның, оның ішінде шетелдік мамандарды тарта отырып, біліктілігін жүйелі түрде арттыру жүргізіледі.

Осылайша, білім беру бағдарламасы бәсекеге қабілетті болып табылады, денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келеді және сұранысқа ие мамандарды даярлауға бағытталған.

ТҮЛЕКТІҢ ПОРТРЕТІ

Бағдарламаның түлегі - бұл қазіргі заманғы жағдайда балаларға өз бетінше және уақтылы медициналық көмек көрсетуге және қазіргі заманғы медицина мен ғылымның өзекті мәселелерін шешуге дайын болуға қабілетті, білімі мен кәсіби құзыреттілігі жеткілікті бәсекеге қабілетті педиатр.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЫСАНАЛЫ АУДИТОРИЯСЫ

Негізгі мақсатты аудитория: мектеп түлектері (11 сынып); медициналық және медициналық емес бейіндегі колледждердің түлектері; дәрігер біліктілігін алуға бағдарланған талапкерлер.

Әлеуетті білім алушылардың сипаттамасы: жасы (негізгі санаты: 17-19 жас (мектеп түлектері), жоғары жастағы білім алушылар (колледж түлектері) болуы мүмкін. Дайындық бейіні: биологиялық-химиялық бейін; медициналық колледждер; жоғары академиялық деңгейі бар талапкерлер (жоғары өту балын ескере отырып). Мотивация: дәрігер мамандығының беделі; кәсіптің әлеуметтік маңыздылығы; одан әрі мамандану перспективасы (интернатура, резидентура); ғылыми және зерттеу қызметінің мүмкіндігі.

БББ БӘСЕКЕЛЕСТІК АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Білім беру бағдарламасының ерекшеліктері

Білім беру бағдарламасы оқытудың бастапқы кезеңдерінен бастап іргелі және клиникалық даярлықтың бірлігін қамтамасыз ететін медициналық білім берудің интеграцияланған моделі негізінде іске асырылады. Практикалық денсаулық сақтау және клиникалық базалармен тығыз өзара байланыс қамтамасыз етілген. Конкурстық іріктеу мен өту балының жоғары деңгейі бағдарламаның қажеттілігін растайды. Білім алушылар мен жұмыс берушілердің қатысуымен білім беру сапасын ішкі қамтамасыз ету жүйесі жұмыс істейді.

Бағдарлама мазмұнының бірегейлігі

Бағдарлама модульдік және құзыреттілікке бағдарланған форматта іске асырылады. Дәлелді медицина қағидаттарына және клиникалық ойлауды қалыптастыруға елеулі көңіл бөлінеді. Элективті пәндерді енгізу және білім алушылардың жеке білім беру траекториясын қалыптастыру көзделген. Даярлаудың бастапқы кезеңдерінде ғылыми-зерттеу құзыреттерін дамыту қамтамасыз етіледі.

Халықаралық және кәсіби өзара іс-қимыл

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде шетелдік мамандардың қатысуымен шеберлік сыныптары мен семинарлар ұйымдастырылады. Білім алушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамның академиялық ұтқырлығы жүзеге асырылады. Жұмыс берушілер білім беру бағдарламасын әзірлеуге, сараптауға және рецензиялауға тартылады. Білім беру процесіне денсаулық сақтаудың тәжірибелі мамандары белсенді тартылады.

Инновациялық білім беру технологияларын пайдалану

Білім беру процесінде проблемалық-бағдарланған (PBL), кейс-бағдарланған (CBL), командалық-бағдарланған оқытуды (TPCBL) қоса алғанда, қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар, сондай-ақ кейс-әдістер қолданылады. «Стандартталған пациент» әдісі, геймификация және дизайн-ойлау элементтері пайдаланылады. e-university, LMS және электрондық білім беру ресурстарын қамтитын цифрлық білім беру ортасы жұмыс істейді.

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ФОТОСУРЕТІ

1.jpg   2.png   3.png   

4.png

6В10101 Мейіргер ісі

Білім беру бағдарламасы: 6В10101 «Мейіргер ісі»

Білім беру деңгейі: «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасы бойынша «Денсаулық сақтау бакалавры» дәрежесі берілетін жоғары білім (бакалавриат)
Даярлау бағыты: 6В101 «Денсаулық сақтау»
Оқыту тілі: қазақ, орыс

Оқу мерзімі:
• 4 жыл – толық оқу циклі;
• 2 жыл 6 ай – туыстас мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім (ТжКБ) негізіндегі қысқартылған «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасы;
• 10 ай – белгіленген талаптарға сәйкес медициналық білімі бар тұлғаларға арналған қысқартылған «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасы.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

Білім беру бағдарламасының өзектілігі денсаулық сақтау жүйесінің сапалы, қауіпсіз және пациентке бағдарланған медициналық көмек көрсете алатын жоғары білікті мейіргер мамандарына деген қажеттілігінің артуымен айқындалады.

Денсаулық сақтау саласының заманауи дамуы мейіргерлік күтімнің заманауи технологияларын, клиникалық ойлау дағдыларын, аурулардың алдын алу, халық денсаулығын нығайту және салааралық өзара іс-қимыл құзыреттерін меңгерген мамандарды даярлауды талап етеді.

Білім беру бағдарламасы мейіргерлік көмек көрсету, аурулардың алдын алу, пациенттерді оңалту, менеджмент және ғылыми зерттеулер саласындағы кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған. Мейіргер ісі мамандарын даярлау пациентке бағдарланған тәсілді іске асыру, алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту, дәлелді тәжірибені енгізу және халықаралық стандарттарға сәйкес мейіргерлердің кәсіби дербестігін кеңейту жағдайында ерекше маңызға ие.

ТҮЛЕК БЕЙНЕСІ

«Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасының түлегі халыққа мейіргерлік көмек көрсету және денсаулық сақтау ұйымдарында мейіргерлік қызметті ұйымдастыру саласының маманы болып табылады.

Түлек:

1.     Әртүрлі жас топтарындағы пациенттерге білікті мейіргерлік көмек көрсету саласының маманы болып табылады;

2.     Мейіргерлік күтімнің, диагностика мен пациенттердің жағдайын бақылаудың заманауи технологияларын меңгерген;

3.     Кәсіби құзыреті шегінде аурулардың алдын алу, емдеу, оңалту және паллиативтік қолдау көрсету барысында мейіргерлік көмек көрсетеді;

4.     Кәсіби қызметінде ақпараттық, цифрлық және коммуникациялық технологияларды қолданады;

5.     Пациенттің жағдайын бағалау, қажеттіліктерін анықтау, жоспарлау, іске асыру және мейіргерлік күтімнің тиімділігін бағалауды қамтитын мейіргерлік процесті жүзеге асырады;

6.     Кәсіби этиканы, дәлелді медицинаның қағидаттарын және медициналық құқық нормаларын сақтайды;

7.     Мейіргер ісі саласындағы ұйымдастырушылық-басқарушылық, білім беру және ғылыми-зерттеу қызметіне дайын.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯСЫ

Жалпы орта білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар (ТжКБ негізінде) және «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім алуға түсуші талапкерлер.

Әлеуетті білім алушылардың сипаттамасы

Әлеуетті білім алушылар — денсаулық сақтау және мейіргер ісі саласында жоғары білім алуға қызығушылық танытатын, халыққа медициналық көмек көрсетуге, денсаулықты сақтауға және нығайтуға, аурулардың алдын алуға және пациенттердің өмір сапасын арттыруға бағытталған тұлғалар.

Әдетте, олар биология, химия және мейіргер ісінің негіздері бойынша базалық білімдері бар жалпы білім беретін мектептердің, жоғары медициналық колледждердің және техникалық әрі кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері болып табылады және кәсіби құзыреттерін дамытуға ынталы.

Даярлау бейіні:

1.     Жалпы білім беретін мектептердің түлектері;

2.     Жоғары медициналық колледждердің және техникалық әрі кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері;

3.     Мейіргер ісі және денсаулық сақтау саласында білім алуға қызығушылық танытатын тұлғалар.

Білім алушылардың уәждемесі

• денсаулық сақтау саласында сұранысқа ие мамандық алу;
• халыққа білікті медициналық көмек көрсету;
• мейіргерлік күтім және медициналық технологиялар саласындағы кәсіби құзыреттерді дамыту;
• әртүрлі бейіндегі медициналық ұйымдарда кәсіби тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыру;
• клиникалық тәжірибе, менеджмент, білім беру және ғылыми зерттеулер саласында одан әрі кәсіби және академиялық өсу, сондай-ақ мансаптық даму мүмкіндігі.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

• Денсаулық сақтау жүйесінің заманауи талаптарына және мейіргерлік білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес бағдарламаның өзектілігі;
• Студенттерді клиникалық тәжірибеге ерте кезеңнен тартуды көздейтін практикаға бағдарланған даярлық;
• Мейіргерлік күтімнің заманауи технологияларын, пациенттердің жағдайын бақылауды және шұғыл көмек көрсетуді меңгеру;
• Симуляциялық технологияларды, цифрлық шешімдерді және дәлелді мейіргерлік тәжірибені пайдалану;
• Мейіргерлік қызметті ұйымдастыру саласындағы көшбасшылық және басқарушылық құзыреттерді қалыптастыру;
• Кәсіби құзырет шегінде дербес клиникалық шешім қабылдау дағдыларын дамыту;
• Студенттердің ғылыми-зерттеу жобаларына, кәсіби конкурстарға және академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу мүмкіндігі;
• Денсаулық сақтау ұйымдарында, оңалту орталықтарында, қоғамдық денсаулық сақтау мекемелерінде және білім беру ұйымдарында түлектерге жоғары сұраныс.

1.jpg  2.jpg  7.jpg

3.jpg  4.jpg

5.jpg  6.jpg


6В10115 – Кинезитерапия

6В10115 – «Кинезитерапия» білім беру бағдарламасы

Білім беру деңгейі: жоғары білім (бакалавриат)
Даярлау бағыты: 6В10115 – «Кинезитерапия»
Оқыту тілі: қазақ, орыс

Оқу мерзімі:

·         «Мейіргер ісі» / «Емдеу ісі» мамандықтарының бірі бойынша техникалық және кәсіптік білім негізінде немесе «Дене шынықтыру және спорт», «Мейіргер ісі» / «Жалпы медицина» / «Стоматология» / «Медициналық-профилактикалық іс» / «Медицина», «Педиатрия», «Емдеу ісі», «Эрготерапия» мамандықтары бойынша жоғары білім негізінде, еңбек өтіліне талап қойылмайды: 2 жыл 6 ай;

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

Білім беру бағдарламасының өзектілігі қоғамның кинезитерапия мен медициналық оңалтудың заманауи әдістерін пайдалана отырып, адамның қозғалыс функцияларын қалпына келтіруге, сақтауға және жақсартуға қабілетті мамандарға деген сұранысының артуымен айқындалады.

Тірек-қимыл аппараты ауруларының, неврологиялық бұзылыстардың, жарақаттар мен хирургиялық араласулар салдарының таралуының артуы, сондай-ақ оңалтуды қажет ететін пациенттер санының көбеюі жағдайында функционалдық диагностика, емдік дене шынықтыру, кинезитерапия және физикалық оңалтудың заманауи технологияларын меңгерген білікті мамандарды даярлау ерекше маңызға ие.

Білім беру бағдарламасы денсаулықты қалпына келтірудің жеке бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға, пациенттердің функционалдық жағдайын бағалауға, қозғалыс терапиясының ғылыми негізделген әдістерін қолдануға және мультидисциплинарлық оңалту командаларының жұмысына қатысуға қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған.

Кинезитерапевтерді даярлау медициналық көмектің сапасын арттыруға, еңбекке қабілеттілікті қалпына келтіруге және пациенттердің өмір сапасын жақсартуға ықпал етеді, бұл денсаулық сақтау жүйесі мен оңалту медицинасының дамуының заманауи басымдықтарына сәйкес келеді.

ТҮЛЕК БЕЙНЕСІ

«Кинезитерапия» білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтап, денсаулық сақтау бакалавры дәрежесін алған түлек медициналық оңалту, адамның қозғалыс функцияларын қалпына келтіру және сақтау саласындағы маман болып табылады. Ол кинезитерапия, емдік дене шынықтыру және физикалық оңалту салаларында кәсіби құзыреттерге ие, пациенттердің функционалдық жағдайын бағалауға, өмір сапасын жақсартуға, физикалық белсенділікті арттыруға және ағзаның жоғалған функцияларын қалпына келтіруге бағытталған қалпына келтіру емінің бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қабілетті.

Түлек:

1.     Кинезитерапия, медициналық оңалту және ағзаның қозғалыс функцияларын қалпына келтіру саласының маманы болып табылады;

2.     Функционалдық диагностика, қозғалыс белсенділігін бағалау және тірек-қимыл аппараты бұзылыстарын талдау әдістерін меңгерген;

3.     Пациенттердің функционалдық жағдайын бағалайды және оңалту әлеуетін анықтайды;

4.     Әртүрлі жас топтарындағы пациенттер үшін жеке кинезитерапия және физикалық оңалту бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады;

5.     Ағзаның бұзылған функцияларының алдын алу, емдеу және қалпына келтіру үшін емдік дене шынықтырудың, кинезитерапияның және физикалық терапияның заманауи әдістерін қолданады;

6.     Оңалту іс-шараларының тиімділігін бақылау және бағалау үшін кәсіби қызметінде медициналық, цифрлық және ақпараттық технологияларды пайдаланады;

7.     Пациенттерді медициналық оңалту және қалпына келтіру емдеу бойынша мультидисциплинарлық команданың жұмысына қатысады;

8.     Қозғалыс белсенділігін сақтау, аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша кеңес беру және ағартушылық қызмет жүргізеді;

9.     Кинезитерапия, физикалық терапия және медициналық оңалту салаларында ғылыми-зерттеу, талдамалық және практикалық қызметке дайын.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯСЫ

Талапкерлер — «Мейіргер ісі» / «Емдеу ісі» мамандықтарының бірі бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар, «Дене шынықтыру және спорт», «Мейіргер ісі» / «Жалпы медицина» / «Стоматология» / «Медициналық-профилактикалық іс» / «Медицина», «Педиатрия», «Емдеу ісі», «Эрготерапия» мамандықтары бойынша жоғары білімі бар, еңбек өтіліне талап қойылмайтын және «Кинезитерапия» білім беру бағдарламасы бойынша «Денсаулық сақтау» даярлау бағытына жоғары білім алуға түсуші тұлғалар.

Әлеуетті білім алушылардың сипаттамасы

Әлеуетті білім алушылар — денсаулық сақтау, медициналық оңалту және қалпына келтіру медицинасы саласында жоғары білім алуға қызығушылық танытатын, кинезитерапия, физикалық терапия және ағзаның қозғалыс функцияларын қалпына келтіру саласындағы кәсіби қызметке бағытталған тұлғалар. Әдетте, олар биология, анатомия, физиология және басқа да жаратылыстану ғылымдары бойынша базалық білімге ие жалпы білім беретін мектептердің, медициналық колледждердің және техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері болып табылады. Олар қозғалыстық оңалту, функционалдық бұзылыстардың алдын алу, денсаулықты нығайту және халықтың өмір сапасын арттыру салаларында кәсіби құзыреттерді дамытуға ынталы.

Даярлау бейіні:

1.     Жалпы білім беретін мектеп түлектері;

2.     Медициналық колледждердің және техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері;

3.     «Дене шынықтыру және спорт», «Мейіргер ісі» / «Жалпы медицина» / «Стоматология» / «Медициналық-профилактикалық іс» / «Медицина», «Педиатрия», «Емдеу ісі», «Эрготерапия» мамандықтары бойынша жоғары білімі бар, еңбек өтіліне талап қойылмайтын тұлғалар;

4.     Кинезитерапия, медициналық оңалту, физикалық терапия және ағзаның қозғалыс функцияларын қалпына келтіру саласында білім алуға қызығушылық танытатын тұлғалар.

Білім алушылардың уәждемесі

• кинезитерапия, медициналық оңалту және ағзаның қозғалыс функцияларын қалпына келтіру саласында мамандық алу;
• қозғалыс терапиясының заманауи әдістерін қолдану арқылы халықтың денсаулығын сақтау, қалпына келтіру және нығайту ісіне қатысу;
• кинезитерапия, физикалық терапия, емдік дене шынықтыру және оңалту медицинасы салаларындағы кәсіби құзыреттерді дамыту;
• медициналық ұйымдарда, оңалту орталықтарында, санаторий-курорттық мекемелерде, спорттық-сауықтыру және ғылыми-зерттеу ұйымдарында кәсіби тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыру.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

• Қозғалыс функцияларын қалпына келтіруге, пациенттерді оңалтуға және халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған бағдарламаның өзектілігі.
• Студенттердің оңалту іс-шараларына, функционалдық диагностикаға және қалпына келтіру еміне қатысуын қамтитын кинезитерапия саласындағы мамандарды практикаға бағдарланған даярлау.
• Білім беру процесіне кинезитерапияның, емдік дене шынықтырудың, физикалық терапияның және медициналық оңалтудың заманауи әдістерін енгізу.
• Пациенттердің қозғалыс функцияларын бағалау және қалпына келтіру үшін заманауи оңалту, биомеханикалық және ақпараттық технологияларды пайдалану.
• Денсаулық сақтау жүйесі, оңалту орталықтары, санаторий-курорттық мекемелер және спорттық-сауықтыру ұйымдары үшін мамандар даярлау.
• Студенттердің қозғалыстық оңалту, қалпына келтіру медицинасы және функционалдық бұзылыстардың алдын алу салаларындағы ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу мүмкіндігі.
• Медициналық ұйымдарда, оңалту орталықтарында, спорттық медицинада және қалпына келтіру емі мекемелерінде түлектерге жоғары сұраныс.


10.jpg  12.jpg

11.jpg  13.jpg


6В10114 – Эрготерапия

6В10114 – «Эрготерапия» білім беру бағдарламасы

Білім беру деңгейі: жоғары білім (бакалавриат)
Даярлау бағыты: 6В10114 – «Эрготерапия»
Оқыту тілі: қазақ, орыс

Оқу мерзімі:

·         ТжКБ негізінде (медициналық немесе бейіндік білім, қысқартылған оқу мерзімі): 2 жыл 6 ай;

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

Білім беру бағдарламасының өзектілігі қоғамның заманауи эрготерапия және медициналық оңалту әдістерін пайдалана отырып, адамның күнделікті белсенділігі мен тәуелсіздігін қалпына келтіруге, сақтауға және дамытуға қабілетті мамандарға деген сұранысының артуымен айқындалады.

Неврологиялық, психикалық және ортопедиялық аурулардың таралуының артуы, жарақаттар мен хирургиялық араласулар салдарының көбеюі, сондай-ақ оңалтуды қажет ететін пациенттер санының өсуі жағдайында функционалдық бағалаудың заманауи технологияларын, ортаны бейімдеуді, оңалтудың техникалық құралдарын таңдауды және эрготерапиялық араласуды меңгерген білікті мамандарды даярлау ерекше маңызға ие.

Білім беру бағдарламасы жеке эрготерапиялық бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға, пациенттердің функционалдық жағдайын бағалауға, өзіне-өзі қызмет көрсету, еңбек қызметі және әлеуметтік белсенділік дағдыларын қалпына келтіруге, сондай-ақ мультидисциплинарлық оңалту командаларының жұмысына қатысуға қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған.

Эрготерапевтерді даярлау медициналық көмектің сапасын арттыруға, пациенттердің әлеуметтік бейімделуін жақсартуға және өмір сапасын көтеруге ықпал етеді, бұл Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесін дамытудың заманауи басымдықтарына сәйкес келеді.

ТҮЛЕК БЕЙНЕСІ

«Эрготерапия» білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтап, денсаулық сақтау бакалавры дәрежесін алған түлек медициналық оңалту, функционалдық тәуелсіздікті қалпына келтіру және адамның әлеуметтік бейімделуі саласындағы маман болып табылады.

Түлек:

1.     Эрготерапия және медициналық оңалту саласының маманы болып табылады.

2.     Пациенттің белсенділігі мен қатысуын бағалау және функционалдық диагностика әдістерін меңгерген.

3.     Пациенттердің функционалдық жағдайын бағалайды және оңалту әлеуетін анықтайды.

4.     Әртүрлі жас топтарындағы пациенттер үшін жеке эрготерапиялық бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады.

5.     Бұзылған функциялардың алдын алу, емдеу және қалпына келтіру үшін эрготерапияның заманауи әдістерін қолданады.

6.     Кәсіби қызметінде медициналық, цифрлық және ақпараттық технологияларды пайдаланады.

7.     Медициналық оңалту бойынша мультидисциплинарлық команданың жұмысына қатысады.

8.     Пациенттердің тәуелсіздігі мен өмір сапасын сақтау мәселелері бойынша кеңес беру және ағартушылық қызмет жүргізеді.

9.     Пациенттерге оңалтудың техникалық құралдары мен ассистивтік технологияларды таңдауды және пайдалануды үйретеді.

10. Эрготерапия және медициналық оңалту саласында ғылыми-зерттеу, талдамалық және практикалық қызметке дайын.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯСЫ

Талапкерлер — «Мейіргер ісі» / «Емдеу ісі» мамандықтарының бірі бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар, «Дене шынықтыру және спорт» / «Педагогика және психология», «Мейіргер ісі» / «Жалпы медицина» / «Стоматология» / «Медициналық-профилактикалық іс» / «Медицина», «Педиатрия», «Емдеу ісі», «Кинезитерапия» мамандықтары бойынша жоғары білімі бар, еңбек өтіліне талап қойылмайтын және «Эрготерапия» білім беру бағдарламасы бойынша «Денсаулық сақтау» даярлау бағытына жоғары білім алуға түсуші тұлғалар.

Әлеуетті білім алушылардың сипаттамасы

Әлеуетті білім алушылар — денсаулық сақтау, медициналық оңалту және эрготерапия саласында жоғары білім алуға қызығушылық танытатын, функционалдық тәуелсіздікті қалпына келтіру, әлеуметтік бейімдеу және пациенттердің өмір сапасын арттыру саласындағы кәсіби қызметке бағытталған тұлғалар.

Даярлау бейіні:

1.     Жалпы білім беретін мектеп түлектері.

2.     Медициналық колледждердің және техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері.

3.     «Мейіргер ісі» / «Жалпы медицина» / «Стоматология» / «Медициналық-профилактикалық іс» / «Медицина», «Педиатрия», «Емдеу ісі», «Кинезитерапия» мамандықтары бойынша медициналық жоғары оқу орындарының түлектері.

4.     «Дене шынықтыру және спорт» / «Педагогика және психология» мамандықтары бойынша жоғары білімі бар тұлғалар.

5.     Эрготерапия және медициналық оңалту саласында білім алуға қызығушылық танытатын тұлғалар.

Білім алушылардың уәждемесі:

• эрготерапия және медициналық оңалту саласында мамандық алу;
• халықтың өмір сапасын сақтау мен қалпына келтіруге қатысу;
• эрготерапия саласындағы кәсіби құзыреттерді дамыту;
• медициналық ұйымдарда, оңалту орталықтарында, білім беру және әлеуметтік мекемелерде кәсіби тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыру.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

• Пациенттердің күнделікті белсенділігі мен тәуелсіздігін қалпына келтіруге бағытталған бағдарламаның өзектілігі.
• Эрготерапия саласындағы мамандарды практикаға бағдарланған даярлау.
• Білім беру процесіне эрготерапия мен медициналық оңалтудың заманауи әдістерін интеграциялау.
• Пациенттердің функционалдық мүмкіндіктерін бағалаудың заманауи технологияларын пайдалану.
• Денсаулық сақтау жүйесі, оңалту орталықтары, әлеуметтік және білім беру ұйымдары үшін мамандар даярлау.
• Студенттердің эрготерапия және оңалту саласындағы ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу мүмкіндігі.
• Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ұйымдарында түлектерге жоғары сұраныс.

Стоматология мектебі
a:2:{s:4:"TEXT";s:12091:"

Түлек портреті

Мектеп/бөлім: «Стоматология мектебі»

Білім беру бағдарламасы: Стоматология, шифры – 6В10124

Білім деңгейі:

Даярлау бағыты:

Оқыту тілі: қазақ, орыс, ағылшын

Оқу мерзімі: 5+1

Бағдарламаның өзектілігі: Бағдарлама құзыреттілікке негізделген даярлау моделіне, цифрлық технологияларды енгізуге және клиникалық ойлауды дамытуға бағытталған. Ол қазіргі мемлекеттік стандарттарға және медициналық білім берудің халықаралық үрдістеріне сәйкес келеді.

ТҮЛЕК ПОРТРЕТІ:

«Стоматология» білім беру бағдарламасының түлегі — медициналық білім берудің ұлттық және халықаралық стандарттарына сәйкес даярланған құзыретті, бәсекеге қабілетті және әлеуметтік жауапты маман.

Оның клиникалық ойлауы қалыптасқан, дәлелді медицина қағидаттары мен заманауи клиникалық хаттамалар негізінде стоматологиялық ауруларға кешенді диагностика, профилактика және ем жүргізуге қабілетті. Түлек стоматологиядағы цифрлық технологияларды меңгерген, инфекциялық қауіпсіздікті және медициналық көмектің сапасын қамтамасыз етеді.

Маман дамыған коммуникативтік дағдыларды көрсетеді, медициналық этика қағидаттарын және пациентке бағдарланған тәсілді ұстанады, пәнаралық командада тиімді жұмыс істей алады.

Түлек үздіксіз кәсіби дамуға, ғылыми-зерттеу қызметіне және инновациялық технологияларды практикалық денсаулық сақтау жүйесіне енгізуге бағытталған.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯСЫ:

1. Талапкерлер

·  Медициналық мамандыққа бағдарланған мектеп және колледж түлектері.

·   Денсаулық сақтау саласында жұмыс істеуге жоғары мотивациясы бар тұлғалар.

· Клиникалық практикаға және ғылыми қызметке қызығушылық танытатын талапкерлер.

2. Білім алушылар

· Іргелі медициналық даярлық пен заманауи клиникалық құзыреттерді алуға ұмтылатын студенттер.

·   Алдағы уақытта интернатураға, резидентураға және үздіксіз кәсіби дамуға бағдарланған білім алушылар.

3. Жұмыс берушілер және кәсіби қауымдастық

·    Мемлекеттік және жеке стоматологиялық клиникалар.

·   Алғашқы және мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдар.

·    Кәсіби қауымдастықтар мен салалық бірлестіктер.

4. Денсаулық сақтау жүйесі

·   Білікті кадрларды даярлауға мүдделі денсаулық сақтауды басқару органдары.

· Дәрігер-стоматологтарға қажеттілігі бар өңірлік медициналық ұйымдар.

БББ-НЫҢ БӘСЕКЕЛІК АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

· Бағдарламаның ерекшелігі: АМУ-дегі стоматология бағдарламасы заманауи клиникалық дағдыларға, цифрлық технологияларға, практикалық құзыреттерге және халықаралық стандарттарға бағытталуымен ерекшеленеді. Бұл оны дәстүрлі бағдарламалармен салыстырғанда бәсекеге қабілетті етеді.

·   Мазмұнының бірегейлігі: АМУ-нің «Стоматология» БББ бәсекеге қабілеттілігі академиялық сапаның, клиникалық бағыттылықтың және оқыту мазмұнын стратегиялық жаңғыртудың үйлесімімен айқындалады.

© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика