“Медицина” мектебі
Білім беру бағдарламасы: 6В10123 – Медицина
Білім деңгейі: Бакалавриат
Дайындық бағыты: 6В101 – Денсаулық сақтау
Оқыту тілдері: орыс, қазақ, ағылшын
Оқу мерзімі: 6 жыл

Бағдарламаның өзектілігі:

·        Мемлекеттік талаптар мен кәсіби стандарттарға сәйкестігі:
Бағдарлама МЖМБС, Ұлттық біліктілік шеңбері және кәсіби стандарттарға сәйкес әзірленген; қорытынды аттестаттау мен дайындық көлемі мемлекеттік стандарттар талаптарына сай; нормативтік-құқықтық базадағы өзгерістер мен мүдделі тараптардың ұсыныстары негізінде бағдарлама тұрақты түрде жаңартылып отырады.

·        Еңбек нарығының қажеттіліктеріне бағдарлануы:
Бағдарлама өңірлік еңбек нарығының сұранысын және жұмыс берушілердің қатысуын ескере отырып қалыптастырылады; білім беру бағдарламасын әзірлеу мен басқаруға практикалық денсаулық сақтау саласының өкілдері қатысады; жұмыс берушілердің рецензиялары бар.

·        Заманауи білім беру тәсілдері:
Инновациялық білім беру технологиялары қолданылады: PBL, CBL, «Стандартталған пациент», геймификация, дизайн-ойлау; модульдерде TPCBL және кейс-әдістер енгізілген; цифрлық ресурстар пайдаланылады: e-university, smart-amu, онлайн-платформалар; профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру, оның ішінде шетелдік мамандарды тарта отырып семинарлар мен шеберлік сабақтарын өткізу жүзеге асырылады.

·        Бағдарламаға жоғары сұраныс:
Осы білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар контингенті – 3252 студент.

Қорытынды: бағдарлама сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті және денсаулық сақтау жүйесінің заманауи талаптарына бағдарланған.

Түлектің портреті

Бағдарлама түлегі — денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істеуге дайын, интернатураға және әрі қарай кәсіби өсуге бейімделген, медицинадағы өзгерістерге икемді, пациентке бағдарланған, медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігіне басымдық беретін бастапқы деңгейдегі құзыретті жалпы практика дәрігері.

Бағдарламаның нысаналы аудиториясы

Негізгі нысаналы аудитория:
11-сынып түлектері;
медициналық және медициналық емес колледж түлектері;
дәрігер біліктілігін алуға бағытталған талапкерлер.

Әлеуетті білім алушылардың сипаттамасы:

  • Жасы: негізгі санат – 17–19 жас (мектеп түлектері), сондай-ақ ересек жастағы білім алушылар (колледж түлектері) болуы мүмкін.
  • Дайындық бейіні: биология-химия бағыты; медициналық колледждер; жоғары академиялық деңгейі бар талапкерлер (жоғары өту балы ескеріле отырып).
  • Мотивациясы: дәрігер мамандығының беделі; кәсіптің әлеуметтік маңыздылығы; әрі қарай мамандану мүмкіндігі (интернатура, резидентура); ғылыми және зерттеу қызметімен айналысу мүмкіндігі.

Білім беру бағдарламасының бәсекелік артықшылықтары

Бағдарламаның ерекшелігі:

  • Медициналық білім берудің интеграцияланған моделі (іргелі және клиникалық пәндердің алғашқы курстардан бастап бірлігі).
  • Практикалық денсаулық сақтау және клиникалық базалармен тығыз байланыс.
  • Жоғары конкурс және өту балы – бағдарламаның сұранысқа ие екенін дәлелдейді.
  • Білім алушылар мен жұмыс берушілердің қатысуымен ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесі.

Мазмұнының бірегейлігі:

  • Модульдік және құзыреттілікке негізделген оқыту форматы;
  • Дәлелді медицина мен клиникалық ойлауға басымдық;
  • Элективті пәндер мен жеке білім беру траекториясын қамту;
  • Оқудың бастапқы кезеңінен бастап ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту.

Шетелдік оқытушылар мен жұмыс берушілерді тарту:

  • Шетелдік сарапшылардың қатысуымен шеберлік сабақтары мен семинарлар өткізу;
  • Білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы;
  • Жұмыс берушілерді білім беру бағдарламасын әзірлеуге және рецензиялауға тарту;
  • Тәжірибелі дәрігерлердің білім беру үдерісіне қатысуы.

Инновациялық технологияларды пайдалану:

  • PBL, CBL, TPCBL және кейс-әдістер;
  • «Стандартталған пациент» әдісі;
  • Геймификация және дизайн-ойлау элементтері;
  • Цифрлық білім беру ортасы (e-university, LMS, электрондық ресурстар).

Оқушылардың суреттері (сыныптарда, іс-шараларда және т.б.)

1.jpg   2.jpg   

3.jpg

© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика