PhD, қауымдастырылған профессор, жоғары санатты дәрігер-педиатр, балалар хирургі
2006 жылы Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік медицина академиясын «дәрігер-педиатр» мамандығы бойынша бітірген. 2007–2010 жылдары интернатура және резидентурада «балалар хирургиясы» мамандығы бойынша оқыды.
Мамандығы бойынша еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласындағы «№2 қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК-да бастады. 2012–2013 жылдары Астана қаласындағы «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ-да жаңа туған нәрестелер хирургиясы секторында жұмыс істеді.
2013–2016 жылдары 6D110100 – «Медицина» білім беру бағдарламасы бойынша докторантурада оқыды. 2016 жылы диссертациясын сәтті қорғап, PhD дәрежесін алды.
2016-2023 жылдар аралығында балалар хирургиясы кафедрасында ассистент, кейіннен доцент қызметтерін атқарды. Клиникалық, ғылыми және педагогикалық қызметке белсенді қатысты, кафедраның оқу-әдістемелік жұмысын басқарды.
Оның басшылығымен кафедраға заманауи білім беру технологиялары енгізілді: белсенді оқыту әдістері, e-learning және қашықтан оқыту жүйелері. Студенттік ғылыми үйірменің ғылыми жетекшісі болды, оның шәкірттері студенттік олимпиадалар мен халықаралық конференциялардың жүлдегерлері атанып жүрді.
2018–2022 жылдары қаңқалық дисплазияларға арналған бастамалық ғылыми жобаны іске асыруға қатысты. Оның жетекшілігімен бір PhD-диссертация орындалды.
2023–2025 жылдары Академиялық қызметті жоспарлау және дамыту орталығын басқарды. Оқу процесін ұйымдастыруға, академиялық блоктың бизнес-процестерін автоматтандыруға, аналитикалық шешімдерді енгізуге және білім беру бағдарламаларын жетілдіруге жауап берді.
2025 жылдан бастап — «Астана медицина университеті» КеАҚ академиялық жұмыс жөніндегі проректоры.
25 ғылыми жарияланымның, оның ішінде 7 халықаралық рецензияланатын басылымдардағы (Scopus, Web of Science) мақаланың авторы. 5 патент пен бір оқу құралының иесі. Хирш индексі — 3.
Марапаттары мен жетістіктері:
2007 — Республикалық үздік студенттік ғылыми жұмыс байқауының жеңімпазы
2008 — Қазақстан Республикасының медициналық ЖОО үздік түлегі деп танылды
2022 — «Халық алғысы» мемлекеттік наградасы
2023 — «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» ведомстволық медалі