Магистратурада, докторантурада немесе резидентурада оқуды жалғастырған жағдайда қандай құжаттарды ұсыну қажет
info@amu.kz
Магистратурада, докторантурада не мемлекеттік білім беру гранты бойынша резидентурада оқуды жалғастырған жағдайда жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының Мансап және жұмысқа орналастыру орталығына оқу орнынан анықтама не оқуға қабылдау туралы бұйрық беру қажет 
Жүктілік кезінде немесе 3 жасқа дейінгі балалары болған жағдайда қандай құжаттарды ұсыну қажет ?
info@amu.kz
Жүктілік кезінде немесе 3 жасқа дейінгі балалары болған жағдайда жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының Мансап және жұмысқа орналастыру орталығына кемінде 12 апталық жүктілік туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысын не баланың туу туралы куәлігін ұсыну қажет.     
Мамандықтар бойынша жұмыс берушілер ұсынатын бос жұмыс орындары туралы ақпаратты қайдан алуға болады ?
info@amu.kz
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының сайтында «Түлекке» бөлімінде «Өңірлер бөлінісінде жас мамандарға деген қажеттілік» қойындысында, сондай-ақ Enbek.kz сайтында 
Мемлекеттік гранттың жұмыспен өтелгендігін растау үшін Мансап және жұмысқа орналастыру орталығына қандай құжаттарды ұсыну қажет ?
info@amu.kz
Мемлекеттік гранттың жұмыспен өтелгендігін растау үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының Мансап және жұмысқа орналастыру орталығына жұмыс орнынан анықтама не түлекті жұмысқа қабылдау туралы бұйрық беру қажет. 
Жұмыспен өтеу міндетінен босату туралы мәселені қандай мерзімде қарауға болады ?
info@amu.kz
Комиссияның шешімі бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітірген жылы ғана жұмыспен өтеу міндетінен босатуға болады
Жұмыспен өтеу міндетін орындамағаны үшін қандай салдарлар болуы мүмкін ?
info@amu.kz
Жұмыспен өтеу жөніндегі міндетін орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының азаматтары бюджетке нақты жұмыспен өтеу кезеңіне сәйкес оларды оқытуға байланысты бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтейді. 
Қандай жағдайларда жұмыспен өтеу міндеті тоқтатылуы мүмкін ?
info@amu.kz

Оқытуға байланысты бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтемей, жұмыспен өтеу  жөніндегі міндет келесі жағдайларда тоқтатылады: 

1) жұмыспен өтеу жөніндегі міндеттердің орындалуына  байланысты;

2) білім алушының (жас маманның) қайтыс болуына байланысты, тиісті құжаттармен расталуы;

3) жұмыспен өтеу мерзімі ішінде бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда; 

4) жұмыспен өтеу жөніндегі міндеттен босатуға байланысты. 
Тұлғалардың қай санаттары жұмыс орындарына қайта бөлінеді ?
info@amu.kz

Жұмыс орындарына қайта бөлінетіндерге жататындар:

- мемлекеттік білім беру тапсырысы, магистратура немесе докторантура негізінде резидентураға түспеген адамдар;

- әскери қызмет өткеріп келген адамдар;

- жұмыс берушінің тарату немесе жұмыскерлер санын қысқарту негіздері бойынша жұмыстан шығарылған адамдар;

- жұмыс беруші бос жұмыс орындарын сақтамаған адамдар;

- бір бос орынға бірнеше жас мамандардың жіберілуіне  байланысты жұмысқа қабылданбай қалған адамдар; 

- бейіні бойынша әңгімелесуге жіберілмеген немесе бос мемлекеттік лауазымдық қызметке орналасу үшін конкурстық іріктеуден өтпей қалған дәрігерлер;

- дәлелді себептер бойынша тарату орны бойынша белгіленген мерзімде келмеген адамдар (жас маманның немесе жақын туыстарының ауырып қалуы, некеге тұру және тұрғылықты жерін ауыстыру, жұмыспен өтеу  орнына уақтылы келуіне кедергі болған форс-мажорлық мән-жайлар);  

- жұмыс іздеуші немесе жұмыссыз адамдар ретінде мансап орталықтарында есепке тұру кезінде жүкті болған әйелдер; 

- дәлелді себептер бойынша бастапқы бөлу орны бойынша толық мерзімде жұмыспен өтемеген адамдар, оның ішінде:  

- уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру үшін жұмысқа қабылданған қызметкерді негізгі қызметкердің жұмысқа шығуына байланысты жұмыстан босату (уақытша бос мемлекеттік лауазымды ауыстыруды қоса алғанда); 

- некеге тұру және осыған байланысты тұрғылықты жерін өзгерту.
Түлек жұмыс орнына қашан келуі керек ?
info@amu.kz
Ағымдағы жылы оқуын аяқтаған Қазақстан Республикасының азаматтары жұмыс орнына жолдама бойынша 1 қыркүйектен кешікпей келеді. 
Қандай жағдайларда жұмыспен өтеуді кейінге қалдыруға болады?
info@amu.kz
Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақырған кезде әскери қызмет өткеру мерзімі жұмыспен өтеу уақытына есептелмей, әскери қызмет өткеру мерзіміне кейінге қалдырылады.   
Қандай санаттағы адамдар жұмыспен өтеу міндетінен босатылады?
info@amu.kz

Жұмыспен өтеу жөніндегі міндеттен босату жас мамандарды дербес бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен жас мамандардың мынадай санаттарына беріледі: 

1)жұбайының (зайыбының) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызмет атқарған жері бойынша елді мекенде бос жұмыс орындары болмаған жағдайда адамдарға; 

2) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға; 

3) мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде одан әрі оқу үшін резидентураға, магистратураға, докторантураға түскен адамдарға;

4) жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар, сондай-ақ жалғыз өзі бала тәрбиелеп отырған адамдарға беріледі. 
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқытудан ақылы негізде оқытуға ауысу кезінде жұмыспен өтеу мерзімі қандай ?
info@amu.kz
Қазақстан Республикасының азаматтары НҚА-да көзделген мерзім шегінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргеннен кейін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша нақты оқу уақытына сәйкес мерзімде жұмыспен өтейді 
Ақылы негізде оқытудан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқытуға ауысу кезінде жұмыспен өтеу мерзімі қандай ?
info@amu.kz
Қазақстан Республикасының азаматтары НҚА-да көзделген мерзім шегінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргеннен кейін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша нақты оқу уақытына сәйкес мерзімде жұмыспен өтейді 
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантурада оқыған түлектер үшін жұмыспен өтеу мерзімі қандай және қандай ұйымдарда жұмыспен өтеу қарастырылған ?
info@amu.kz
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантурада оқыған Қазақстан Республикасының азаматтары оқуды аяқтағаннан кейін мемлекеттік органдарда немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе ғылыми ұйымдарда кемінде үш жыл жұмыспен өтейді.   
Ауылдық квота бойынша оқуды бітірген түлектер үшін жұмыспен өтеу мерзімі қандай және қандай ұйымдарда жұмыспен өтеу қарастырылған ?
info@amu.kz
Медициналық мамандықтар бойынша оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары ауылдық квота шегінде ауылдық жерде орналасқан меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл жұмыс істейді. 
Түлектерді жұмыс орындарына бөлуді және жұмысқа жіберуді кім жүзеге асырады ?
info@amu.kz
Жас мамандарды жұмыс орындарына дербес бөлу жөніндегі комиссия
Мемлекеттік білім беру грантын өтеу мерзімі қандай және НҚА-да қандай ұйымдарда көзделген ?
info@amu.kz
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде медициналық мамандықтарға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында оқуын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл Денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істейді  
Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, Қазақстан Республикасы азаматтарының жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату тәртібі қандай нормативтік-құқықтық актілермен регламенттелген ?
info@amu.kz

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңы;
2) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 11 тамыздағы № 403 «Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы.

Ішінара жұмыспен өтелген жағдайда (толық емес 3 жыл) қалған кезең үшін берешек сомасын төлеуге бола ма? Оқу үшін берешек сомасын бөліп төлеуге бола ма?
info@amu.kz

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 47-бабының 17-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 Қаулысымен бекітілген жас мамандарды жұмысқа жіберу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 4-тармағына сәйкес педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтарға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды бітіргеннен кейін кемінде үш жыл білім беру ұйымдарында және денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыспен өтеуге міндетті. Жұмысты өтеу жөніндегі міндетті орындамағаны үшін жас маман өзінің оқуына байланысты бюджет қаражаты есебінен кеткен шығыстарды республикалық бюджетке өтеуге міндетті (Заңның 47-бабының 17-4-тармағы).

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - ҚР АК) 272 және 273-баптарына сәйкес міндеттеме міндеттеме шарттарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс, міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға және оның шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді.

ҚР АК 349-бабының 1-тармағына сәйкес міндеттеменің бұзылуы деп оны орындамау не тиісінше орындамау ұғынылады.

Заңға және Қағидаларға сәйкес оқытуға байланысты бюджет қаражатын өтеу бойынша ішінара жұмыспен өтелген немесе бөліп төлеген жағдайда жұмсалған бюджет қаражатын қайта есептеуді айқындайтын нормалар көзделмеген.

Бұл ретте, оқу үшін сома жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен оқу жылы ішінде 1 студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстардан құралады.
ЖОО-ны бітіргеннен кейін кейінгі жылдары магистратураға түскен адамдар жұмыспен өтеуден босатыла ма?
info@amu.kz

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 47-бабы 17-тармағының сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтарға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды бітіргеннен кейін кемінде үш жыл білім беру ұйымдарында және денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыспен өтеуге міндетті. жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргеннен кейін мемлекеттік, медициналық және ветеринариялық білім беру ұйымдарында кемінде үш жыл жұмысты өтеуге міндетті.

Заңның 47-бабы 17-2-тармағының 3) тармақшасында одан әрі оқу үшін магистратураға, резидентураға, докторантураға түскен адамдарды жұмыспен өтеу міндетінен босату көзделген.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 6-бабының 1-бөлігіне сәйкес азаматтық заңдардың нормалары оларды сөзбен білдірудің тура мағынасына сәйкес түсіндірілуге тиіс.

Заңның көрсетілген нормаларының мәнінен келіп шығатыны, Комиссиялар жас мамандарды және философия докторларын (PhD) оқуды аяқтаған жылы, бірақ кейінгі жылдары емес, магистратураға, резидентураға, докторантураға түскен жағдайда ғана жұмыспен өтеуден босатуға құқылы, яғни жұмыспен өтеуден босату туралы мәселені қарау кезінде уақыт факторы, атап айтқанда міндеттемелердің уақтылы орындалуы міндетті түрде ескерілуге тиіс.

© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика