2006 жылы Сібір мемлекеттік медицина университетін (Томск қ.) «дәрігер-биохимик» мамандығы бойынша бітірген. Медицина ғылымдарының кандидаты, профессор. Хирш индексі – 11. 100-ден астам ғылыми мақаланың, оның ішінде Scopus/Web of Science деректер базасына енген рейтингтік халықаралық журналдардағы 50 жарияланымның, 15 патенттің иегері және 2 монографияның авторы.
2006–2009 жылдары Сібір мемлекеттік медицина университетінің күндізгі аспирантурасында оқыды, кандидаттық диссертациясын "фармакология, клиникалық фармакология" мамандығы бойынша мерзімінен бұрын қорғауына байланысты аспирантурадан шығарылды.
2009 жылдан бастап аға ғылыми қызметкер, 2010–2013 жылдары – «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингінің (Қарағанды қ.) эксперименттік және клиникалық фармакология зертханасының меңгерушісі қызметін атқарды.
2013–2015 жылдары Назарбаев Университетінің Өмір туралы ғылымдар орталығында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді (Астана қ.).
2015–2023 жылдары Ұлттық биотехнология орталығында (Астана қ.) токсикология және фармакология зертханасының меңгерушісі қызметін атқарды.
2018 жылдан бері «Victus Pharm» ЖШС-да жетекші ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. Оның жетекшілігімен коммерцияландыру және ғылыми зерттеулер бойынша гранттық жобалар іске асырылуда.
2023–2024 жылдары Назарбаев Университетінің National Laboratory Astana құрылымында аға ғылыми қызметкер болды.
2024 жылдан бастап Инновациялық және профилактикалық медицина институтының геронтология, гериатрия және қартаюға қарсы медицина бөлімінің маманы.
Профессор Шульгау – эксперименттік және клиникалық фармакология, фармакотоксикология, қартаюға қарсы медицина және биофармацевтика салаларының маманы. 20 жылдық ғылыми-зерттеу тәжірибесі бар, оның ішінде зертханаларды басқару, халықаралық ғылыми ынтымақтастықтарға қатысу, пәнаралық жобаларды жүзеге асыру және биомедицина саласында инновациялық шешімдер әзірлеу жұмыстары кіреді.
Оның жетекшілігімен геронтология, өкпе фиброзы, жасушалық қартаю, өсімдік тектес экзосомаға ұқсас нанобөлшектерді әзірлеу сияқты өзекті бағыттар бойынша ғылыми гранттар жүзеге асырылуда.
Қарағанды облысы әкімінің «Медицина және биотехнология» саласындағы жас ғалымдарға арналған сыйлығының лауреаты, талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның екі мәрте иегері, К. И. Сәтбаев атындағы сыйлықтың лауреаты.