Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің "Қоғамдық денсаулық сақтау"мамандығы бойынша түлегі. 2017 жылы докторлық жұмысты қорғап, PhD докторы дәрежесі берілді.
Куала-Лумпур қ., Малайзия, Баку қ. Әзірбайжан медициналық университеті, Тбилиси жаһандық денсаулық институты, Грузия, Куала-Лумпур қ. (UKM) шетелдік тағылымдамадан өтті.
25-тен астам мақала жарияланды, оның ішінде индекстелетін журналдарда, ККСОН ұсынған журналдарда. Халықаралық конференцияларда сөз сөйлеу және авторлық құқық туралы куәліктер бар.
Еңбек жолын Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде бастады. 2018 жылдың қыркүйегінен бастап қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының доценті болып қабылданды, 2019 жылдан бастап қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент факультеті деканының орынбасары болып тағайындалды.
2022 жылдың қараша айынан бастап конкурстық комиссияның шешімімен Қоғамдық денсаулық және менеджмент мектебінің деканы болып тағайындалды.