Медицина ғылымдарының кандидаты, "МУА" КЕАҚ профилактикалық медицина және нутрициология кафедрасының доценті.
1962 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Семей мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетінің түлегі. 1996 жылы "Энурездегі вегетативті және иммунологиялық бұзылулар және олардың лазерлік рефлексотерапияны қолдану арқылы емдеу үдерісіндегі динамикасы" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
1999 жылға дейін Семей мемлекеттік медицина академиясының балалар аурулары кафедрасының ассистенті және доценті қызметтерін атқарды. 1999 жылдан 2003 жылға дейін Ақмола мемлекеттік медицина академиясының №1 балалар аурулары кафедрасының доценті болып жұмыс істеді. Әр жылдары Астана медицина университетінде факультеттерді басқарды: орта медициналық білім беру факультеті (2003-2006жж.), медициналық-биологиялық ісі, медициналық-профилактикалық ісі және фармацевтикалық факультеттер (2006-2008жж.), педиатрия және шығыс медицинасы факультеті (2008-2010жж.), Қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация, мейірбике ісі факультеті (2011-2018 жж.); 2019 жылдан бастап "Стоматология" факультетінің деканы қызметін атқарды. Төмендегі төсбелгілер иесі:
1) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі", 2011 жыл.
2) "денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін", 2021 жыл.