Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 9–15 қыркүйек аралығы (сағат 8:30-дан 17:30-ға дейін).
Кафедра меңгерушісі, орталық басшысы лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары:1) даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
2) ғылым докторы немесе ғылым кандидаты, не философия докторы (PhD)/бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесінің және/немесе профессор немесе қауымдастырылған профессор ғылыми атағының болуы;
3) ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 5 жыл;
4) клиникалық кафедралар үшін – тиісті мамандық (мамандану) бойынша қолданыстағы маман сертификатының болуы.
Лауазымдық міндеттері
1) кафедраға басшылық жасау;
2) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген мерзім ішінде негізгі жұмыс орны бойынша толық жұмыспен қамтылу жағдайында тиісті бөлімшеге басшылық жасау;
3) оқытылатын пәндердің бейініне сәйкес 3 (үш) жылда кемінде 1 (бір) рет, бір оқу курсы бойынша жалпы көлемі кемінде 72 (жетпіс екі) сағат болатын біліктілікті арттырудан өту (халықаралық білім беру платформалары базасында алынған құжаттың болуына жол беріледі);
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларына және қосымша және формальды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидаларына сәйкес «Денсаулық сақтау» кадрларын даярлау бағыты бойынша біліктілікті арттырудан өту (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21847 болып тіркелген);
5) білім беру процесінде жасанды интеллект саласында 3 (үш) жылда кемінде 1 (бір) рет, көлемі кемінде 18 (он сегіз) сағат болатын біліктілікті арттырудан өту (халықаралық білім беру платформалары базасында алынған құжаттың болуына жол беріледі);
6) инклюзивті білім беру бойынша 3 (үш) жылда кемінде 1 (бір) рет, көлемі кемінде 72 (жетпіс екі) сағат болатын біліктілікті арттырудан өту;
7) Кафедра туралы ережеге (ПСП-МУА-2026) сәйкес кафедраның жұмыс жоспарын әзірлеу мен бекітуді ұйымдастыруды бақылау;
8) Кафедра туралы ережеге (ПСП-МУА-2026) сәйкес кафедраның жылдық есебін белгіленген тәртіппен дайындау мен ұсынуды ұйымдастыруды бақылау;
9) Кафедра туралы ережеге (ПСП-МУА-2026) сәйкес оқытушылардың жеке жоспарларын қалыптастыру мен орындауды бақылау;
10) Кафедра туралы ережеге (ПСП-МУА-2026) сәйкес оқытушылардың жеке есептерін қалыптастыру мен орындауды бақылау;
11) оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес білім алушылар контингентін оқыту бойынша оқу, ғылыми, әдістемелік, тәрбие жұмыстарын, ағымдағы және қорытынды бақылауды жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру;
12) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша жоғары білікті кадрлар даярлау, зерттеушілік және педагогикалық құзыреттерді қалыптастыру, сондай-ақ олардың кәсіби дамуы мен біліктілігін арттыруға жәрдемдесу;
13) іргелі және практикалық денсаулық сақтау үшін басым бағыттар бойынша ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу, ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері мен инновациялық технологияларды енгізу;
14) даярлау бағыттары мен мамандықтары бойынша кафедраны дамыту стратегиясын әзірлеу, жұмыс берушілермен, кәсіби қауымдастықтармен және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен сыртқы байланыстарды нығайту және дамыту. Кафедрадағы даярлау бағыттары мен мамандықтары бойынша білім беру қызметтері нарығы мен еңбек нарығын зерделеу;
15) кафедра қызметінің бейіні бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының (бұдан әрі – ҚР МЖМБС) талаптарына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз ету;
16) білім беру бағдарламаларының мазмұны мен кафедра іске асыратын пәндердің сапасын ішкі бағалауға қатысу, бағалау нәтижелері бойынша оларды өзгерту және өзектендіру жөнінде белгіленген тәртіппен ұсыныстар енгізу;
17) мамандарды даярлау сапасын қамтамасыз етудің кафедраішілік рәсімдерін әзірлеу мен іске асыруды, білім беру процесін әдістемелік сүйемелдеуді, оқытудың педагогикалық әдістері мен құралдарын айқындауды және кафедра іске асыратын пәндер мен оқыту нысандары бойынша оқу сабақтарын өткізуді ұйымдастыруды қоса алғанда, білім сапасын ішкі қамтамасыз ету жүйесіне қатысу;
18) кафедра қызметкерлерінің үлгерім электрондық журналын жүргізуін бақылау;
19) қызметкерлердің оқу, ғылыми, әдістемелік және клиникалық жұмысының, сондай-ақ білім алушылармен тәрбие жұмысының жоспарланған және ағымдағы мәселелерін талқылау бойынша кафедра отырыстарын өткізу;
20) кафедра пәндері бойынша пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін (бұдан әрі – ПОӘК) қарау және келісу, сондай-ақ РИ-МУА-06-25-ке сәйкес белгіленген тәртіппен басқа кафедралар пәндерінің ПОӘК-теріне оқу-әдістемелік сараптама жасауға және сараптамалық қорытындылар мен ұсыныстар дайындауға қатысу;
21) кафедра бейіні бойынша оқу процесін кешенді оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру, оқу және өндірістік практикаларды өткізу;
22) кафедра пәндерінің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу;
23) кафедраның жұмыс жоспары мен кафедра оқытушыларының жеке жұмыс жоспарларын келісу;
24) педагогикалық жүктеме мен функционалдық міндеттерді кафедра қызметкерлері арасында бөлу және олардың уақтылы әрі сапалы орындалуын бақылау;
25) өндірістік қажеттілік болған жағдайларда кафедра жұмысының негізгі түрлері бойынша штаттан тыс қоса атқарушыларды іріктеуге қатысу;
26) оқу сабақтарын өткізу кезінде Университетте бар және бекітілген жасанды интеллект құралдарын оқытуда қолдану, сондай-ақ оларды пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту жөнінде ұсыныстар енгізу;
27) оқу сабақтарының барлық түрлерін жүргізу, дипломдық жобаларға, резиденттерді даярлауға, магистранттар мен PhD докторанттарының ғылыми-зерттеу жұмыстары мен диссертацияларына жетекшілік ету;
28) кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және инновациялық технологияларды апробациялау;
29) оқулық, оқу құралы және өзге де ғылыми/оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттерді басып шығару;
30) ғылыми-зерттеу жобаларын (шетелдік, шаруашылық шарттық, мемлекеттік, коммерцияландырылатын жобалар, ғылыми ұйымдармен, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен жобалар) орындау тиімділігіне қол жеткізуді қамтамасыз ету;
31) ғылыми зерттеу нәтижелерін практикалық денсаулық сақтауға енгізуді, қорғау құжаттарын, практикалық денсаулық сақтауға енгізу актілерін және патенттер алуды қамтамасыз ету;
32) ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес әдістемелік құралдарды дайындау мен басып шығаруды ұйымдастыруға қатысу;
33) жариялауға дайындалған диссертациялық жұмыстарды, ғылыми мақалаларды, монографияларды және оқу құралдарын бағалау;
34) білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына тарту (студенттік ғылыми қоғам, жас ғалымдар кеңесі, ғылыми үйірмелер); білім алушылардың ғылыми жұмыстарын, оның ішінде халықаралық рецензияланатын журналдарда жариялауды қамтамасыз ету; білім алушылардың қатысуымен қорғау құжаттарын алу; білім алушылардың олимпиадаларға, ғылыми-практикалық конференцияларға және ғылыми жұмыстар конкурстарына қатысуын қамтамасыз ету;
35) кафедра қызметкерлері мен білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелілігін арттыруға, оның ішінде ғылыми жұмыстарды (ISBN индексі бар монографиялар, рецензияланатын және халықаралық басылымдардағы, соның ішінде Scopus/Web of Science базаларындағы мақалалар, оның ішінде ағылшын тілінде) белгіленген тәртіппен дайындау мен жариялауға жәрдемдесу;
36) аяқталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын, алынған нәтижелерді талдау мен талқылауды және оларды кафедра құзыреті шегінде енгізу мүмкіндігін бағалауды ұйымдастыру;
37) қызметкерлер мен білім алушылардың ғылыми нәтижелерін республикалық және халықаралық кәсіби іс-шараларда ұсынуға және талқылауға, сондай-ақ мамандық бойынша рецензияланатын басылымдарда ғылыми жұмыстарды белгіленген тәртіппен дайындау мен жариялауға жәрдемдесу;
38) оқулықтарға, оқу және оқу-әдістемелік құралдарға қорытындылар жасау;
Құжаттар zikenov.i@amu.kz электрондық пошта мекенжайы бойынша қабылданады. Сонымен қатар құжаттардың қағаз түріндегі нұсқасын міндетті түрде мына мекенжайға қолма-қол тапсыру қажет: Астана қаласы, Абай даңғылы, 47, 6-қабат, 617-кабинет. Байланысушы тұлға: Зикенов И.И., ішкі нөмірі — 283.
Конкурсқа қатысу үшін кандидаттар келесі құжаттарды ұсынады:
- өтініш;
- түйіндеме;
- жоғары білім, академиялық және ғылыми дәреже туралы дипломдардың, ғылыми атақ туралы құжаттың қосымшаларымен бірге көшірмелері және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
- тиісті мамандық (мамандану) бойынша қолданыстағы маман сертификаты;
- кафедраны, орталықты қысқа және орта мерзімді кезеңдерде дамыту жоспарының презентациясы (көлемі 10 слайдтан аспауы тиіс);
- тұлғаның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер және соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама.
Конкурстың өтетін күні мен орны қосымша хабарланады.