Университет жайлы

Құрметті сайт қонақтары!!!
Сіздерді "Астана медицина университеті" КеАҚ қарсы алады


Астана медицина университеті – еліміздегі ең ірі және қарқынды дамып келе жатқан медициналық университеттердің бірі, жоғары медициналық білім беру саласында жоғары беделге, білім беру қызметтерін көрсетуде де, медицина ғылымы мен клиникалық қызметті дамытуда да өзіндік дәстүрлері бар.

1964 жылы 26 қазанда республика Министрлер Кеңесі Целиноградта медициналық институт ашу туралы қаулы қабылдады. 1997 жылы институт академия болып қайта құрылып, 2009 жылдың қаңтарынан бастап университет мәртебесіне қол жеткізді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде университет Ұлттық медициналық холдингтің құрамына енді. 2010 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құзырына берілді.

Айта кетерлігі, университеттің аты мен мәртебесі өзгеріп қана қойған жоқ, сонымен қатар мамандықтар саны көбейіп, оқытудың кредиттік технологиялары мен үш сатылы білім беру жүйесі – бакалавриат, магистратура, докторантура, саны студенттер саны артып, оқу үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Университеттің клиникалық базалары ірі ұлттық және республикалық орталықтар – Ұлттық медициналық холдингтің еншілес ұйымдары болып табылады.

Рейтинг бойынша университет ұзақ жылдар бойы тұрақты түрде Қазақстан Республикасының жетекші медициналық ЖОО қатарында. Университеттің академиялық серіктестері АҚШ, Сингапур, Еуропа, Ресейдің жетекші университеттері болып табылады.

Университет мәртебесі бізге медициналық білім мен ғылымда жаңа міндеттер қойып, тұрақты және ұзақ мерзімді дамудың кең перспективаларын ашады.

Администрация:

Койков Виталий Викторович

Басқарма төрағасы-Ректордың міндетін уақытша атқарушы

Жүнісова Айгүл Битімбайқызы

Проректор

Сайдангазин Диас Дәулетбекұлы

Проректор

Газалиева Меруерт Арстановна

Проректор

Мараджапов Бахтиёр Иркинович

Қаржы директоры

Тиес Ардак Сиязбекович

Басқарушы директор

Миссиясы

Халық денсаулығына қазіргі және жаңа сын-тегеуріндерге жауап бере алатын, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, жаңа білім мен инновацияларды генерациялау, ұлттық және жаһандық денсаулық сақтау саласының ғылыми-технологиялық дамуына жәрдемдесу.

Пайымдауы

QS WUR-дағы ТОП-700 және/немесе QS EECA-дағы ТОП-150 қатарына кіретін, ғылым, білім және практиканың үштұғырлылық принциптеріне сай үздіксіз дамып келе жатқан және біртұтас миссиядан шабыт алған мамандардың күш-жігері біріктірілген әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті.


Стратегиялық бағыттар:

1)       Сұранысқа ие мамандықтар мен мамандандырулар бойынша бәсекеге қабілетті және кәсіби-құзыретті денсаулық сақтау мамандарын даярлау:

- 1.1-басым бағыт  «Тиімді білім беру ортасын құру»;

- 1.2-басым бағыт «Саланың және сабақтас салалардың қажеттілігін ескере отырып, білім беру бағдарламаларының спектрін кеңейту»;

- 1.3-басым бағыт «Білім беру бағдарламаларын интернационалдандыруды кеңейту»;

- 1.4-басым бағыт»  «Білім алушылардың академиялық және тұлғалық өсуін қолдау жүйесін жетілдіру».

2) Университетті зерттеу университетіне трансформациялау және оны денсаулық сақтау практикасы мен саясатына жаңа білім мен инновацияларды таратудың жетекші орталығы ретінде дамыту:

- 2.1-басым бағыт «Университеттің ғылыми және инновациялық қызмет (ҒИҚ) саласындағы кадрлық әлеуетін дамыту»;

- 2.2-басым бағыт «ҒИҚ қызметкерлері мен білім алушылар үшін тиімді инфрақұрылымды қалыптастыру»;

- 2.3-басым бағыт «Университеттегі ҒИҚ менеджменті механизмдерін жетілдіру»;

- 2.4-басым бағыт «Білім алушыларды ғылымға тарту және жас ғалымдарды қолдау үшін тиімді орта құру»;

- 2.5-басым бағыт «Шетелдік және отандық жетекші жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу институттарымен, ғылыми орталықтармен, медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіп кәсіпорындарымен ҒИҚ мәселелері бойынша ынтымақтастықты күшейту»;

 

 

- 2.6-басым бағыт «Университеттің ғылыми-инновациялық қызметінің ұлттық және халықаралық деңгейде танылуын ұлғайту».

3)      Университетті білім, ғылым және практиканың үштұғырлығы негізінде жұмыс істейтін интеграцияланған академиялық медициналық орталық (ИАМО) ретінде дамыту:

- 3.1-басым бағыт.  «Интеграцияланған академиялық медициналық орталықты қалыптастыру және Нұр-Сұлтан қаласы мен өңірдің медициналық ұйымдарымен өзара іс-қимылды күшейту»;

- 3.2-басым бағыт. «Университеттік аурухананы (УА), университет клиникалары мен өзге де ғылыми-практикалық базаларды құру және дамыту»;

- 3.3-басым бағыт. «Симуляциялық орталықты құру және дамыту және симуляциялық технологияларды белсенді дамыту».

 

4) Кадрлық әлеуетті дамыту және университетті басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру:

- 4.1-басым бағыт.  «Университеттің кадрлық әлеуетін дамыту»;

- 4.2-басым бағыт. «Университетті басқару жүйесін жетілдіру»;

- 4.3-басым бағыт.  «Университетті қаржыландыру тетіктерін жетілдіру».

5) Университеттің инфрақұрылымын және материалдық-техникалық базасын дамыту:

- 5.1-басым бағыт.  «Білім беру, ғылыми және клиникалық қызмет үшін заманауи базасы, әлеуметтік инфрақұрылымы бар жаңа университет құру».

 



© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика